Қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық ұсталды
23.11.2021 | 17.51
0
49
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қарыздарын төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 180-нен астам адамды анықтаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қараша айының басында Өскемен қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі белсенділігінің арқасында қарызын төлеуден жалтарып, жасырыып жүрген 40 жастағы борышкерді қолға түсірді.
- Әйел таныстарынан 700 мың теңге ақша қаражатын алып, уақытты созбай қайтаруға уәде бергені белгілі болды, алайда одан әрі байланысқа шықпаған. Кейін белгілі болғандай, ол бір жылдан астам Алматы облысында жасырынып жүрген. Ақшалай қаражатты өндіріп алуға арналған материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.
Комментарии (0)