Өскеменде өтіп жатқан дәстүрлі жәрмеңкеге бұл жолы Риддер қаласының өнімдері жеткізілді. Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған аталмыш шара халыққа жасалған үлкен жеңілдіктердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Риддер қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Нағима Тастахаеваның айтуынша, жәрмеңкедегі азық-түліктің құны нарықтағы бағамен салыстырғанда біршама арзанға түседі.
– Біздің шаруа қожалықтарының жетекшілері Сергей Дудкин, Андрей Решетник бір тоннаға жуық қой және жылқы еттерін әкелді. Сондай-ақ, «Риддер-холод» фирмасы тұтынушы-ларды өзінің түшпара, манты сияқты жартылай фабрикат өнімдерімен қуантып жатыр, – дейді ол.
Тәтті өнімдердің ішінде «Казницын» және «Макарова» шаруа қожалықтарының әкелген 700 келі ара балы тез арада сатылып кетті.
Бұл ретте ұйымдастырушыларға Өскемен қаласы мен Ұлан, Шемонайха аудандарының кәсіпкерлері үлкен қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Комментарии (0)