Асқар Нұрғазиев: "Саяси жүйені қалыптастыру қатысу маңызды"
21.05.2022 | 14.19
0
73
5 маусымда Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізуге байланысты республикалық референдум өтетіні белгілі.
Осыған байланысты референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штаб мүшелері Өскемен қаласының еңбек ұжымдарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Штаб мүшесі Асқар Нұрғазиев халықтың саяси жүйені қалыптастыруға қатысу өте маңызды екенін атап өтті.
«Негізгі Заң және қоғамның осы процеске, конституциялық реформаларды түсіндіруге қатысуы – өте маңызды. Референдум өткізу шарттары мен оның рәсімі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен реттеледі. Өздеріңіз білетіндей, 33 бапқа түзетулер енгізу көзделіп отыр. Бұл жүйеде өте маңызды өзгерістер болады деп санаймын. Біз үшін жаңартылған Қазақстанның осы саяси жүйесін қалыптастыруға өзіміз қатысуымыз маңызды, – деді референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штаб мүшесі Асқар Нұрғазиев.
Комментарии (0)