Тәуелсіздік оқиғасы. Аудандар не үшін біріктірілді?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Тәуелсіздік оқиғасы. Аудандар не үшін біріктірілді?

0

30

Облыстар мен аудандардың біріктірілуі ел тәуелсіздігінің бастапқы он жылындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Содан бері жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, бұрынғы аудандарды қалпына келтіру Шығыс Қазақстан облысында әлі өзекті мәселе ретінде көтеріледі. Белсенді азаматтар мұны шекарадағы елдің ауылдан үдере көшуіне себеп болды деп есептейді. Біз аудандарды біріктіру не үшін жүргізілгенін, қалай болғанын және ол қандай нәтиже бергенін білу үшін осы істің басы-қасында (сол кезде аудан әкімі) болған адаммен және экономист маманмен тілдесіп, пікірін тыңдадық.

 «Алты-жеті ай еңбекақы алмадық

Түсіпхан Түсіпбекұлы 1997 жылға дейін үш жыл көлемінде бұрынғы Тарбағатай ауданының әкімі болып тұрды. Сол жылы басқарып отырған ауданын Ақсуатпен қосуға атсалысып, өзі жаңа құрылған ауданның әкімі болып қайта тағайындалды. Бұл қызметте бес жыл істеді.

– Президент Жарлығы шығып, республикада көптеген аудан бірікті ғой. Біздің облыстың өзінде бірікпеген аудан кемде-кем: Үржар мен Мақаншы, Тарбағатай мен Ақсуат, Марқакөл мен Күршім, Катонқарағай мен Үлкен Нарын, Көкпекті мен Самар, Ұлан мен Таврия, Аягөз бен Шұбартау деп кете береді. Ал Таскескен деген аудан ыдырап, бір жағы Аягөз, екінші жағы Үржарға қарап кетті. Халық, әлбетте, бұл іске наразы болды. Мәселен, Қайнар ауданының тұрғындары Абай ауданымен қосылмаймыз деп тұрып алды, ақыры Семей қаласына қосылды. Ақжар мен Самар халқы көшеге шықты. Мен Ақжар өңірінің тумасымын ғой. Әйтіп-бүйтіп, екі жақты келістіріп жүріп халықты жайлап бастық. Біреуге күш көрсетіп, түрмеге қамаған жоқпыз. Халықпен жұмыс істедік. «Президент Жарлығы солай, елде экономикалық жағдай қиын, басшыларды қысқартып, олардың ақшасын үнемдейміз. Әйтпесе аурухана мен мектеп жабылғалы тұр. Мынаған мынанша ақша, анаған ананша ақша кетеді екен. Бүгінгі жағдай еріксізден-еріксіз осыған әкеліп тұр» деп түсіндірдік. Расымен, сол кезеңде ел де, біз де алты-жеті айлап еңбекақы ала алмай, зейнеткерлер саудагерлерге зейнетақы кітапшасын табыстап, қарызға азық-түлік сатып алып жатқан болатын. Ақыры халық түсіндірген сөзімізді ұқты, келісті, – деді Түсіпхан Түсіпбекұлы оқиға қалай болғанын еске түсіріп.

Экономист Мақсат Халық та аудандарды біріктіру мемлекет қаржысын үнемдеу үшін жүргізілгенін айтады.

– Аудандар қосылса, жүйелі түрде басқаруға мүмкіндік болады. Демек, екі жаққа жұмсалатын ресурс азайып, шенділерге бөлінетін қаржы қысқарып, тиімді бола бастайды. Бұл – оңтайлы жоспар, – дейді Мақсат Халық.

61c8fe29-e6f0-47c5-b2a6-26ff829cb403.jpg

 «Менің де кінәм бар»

– Сөздің шыны керек, ол кезде біз көп нәрсені ұқпай қалдық. Аудандардың біріктірілуі экономиканың әлсіздігінен туындаған уақытша қиындық деп ойладық. Менің қазіргі ойым басқа. Бұл жағдай ауылдағы халықтың тұрмысына кері әсерін тигізген дүние болды. Ел қала-далаға үдере көше бастады. Ауылда жұмыс болмады, аудан орталығы алыстап кетті. Мысалы, бұрынғы Марқакөл ауданының Ұранхай, Орловка, Успенка, Теректі деген ауылдарынан Күршімге дейін жету мүмкін емес. Теректі ауылынан Күршімге дейін 200 шақырым. Ол кезде жол деген жоқтың қасы. Адамдар сенделіп қалды ғой. Ал бұрынғы Тарбағатай ауданының Жаңаталап, Ахметбұлақ сынды ауылдарынан Ақсуатқа дейін 300 шақырымға таяу болды, өйткені тура жол әлі салынбаған, Боғас ауылын айналып жүретінбіз. Ал өзіңіз ойлаңыз, халық осынша жерден қалай ауданға барады, қалай мәселесін шешеді? Осылайша, мемлекет бюджетін үнемдейміз деп, халықтың жағдайын нашарлатып алдық. Қайткен күнде де аудандарды сол күйі алып қалу керек еді. Кеңес одағы кезінде аудандардың аумағы ғылыми түрде сарапталып бөлінген ғой. Халық саны қанша болуы керек, шеттегі ауыл орталықтан қанша қашықта орналасуы керек деген нәрсе түгел ойластырылған. Біз соны бұзып алдық, – дейді Түсіпхан Түсіпбекұлы.

Түсіпхан Түсіпбекұлы аудандарды қосу қателік болды деп есептейді. «Бұл жерде менің кінәм жоқ қой. Бірақ мұндай жұмыс менің тұсымда жүргізілгені үшін өзімді кінәлі санаймын», – деді ол.

Өзінің айтуы бойынша, бұрынғы аудандарды қалпына келтіру туралы тұрғындар Президентке бірнеше рет хат жазған. Алайда мұны іштей қолдаса да, өз тарапынан жоғары тұлғаларға хат жолдамаған.

– Біз хат жаза алмадық. Қалай жазамыз? Президент Жарлығына қарсы шығу қылмыспен тең ғой. Бірақ 2000 жылы Үкіметке төрт ауданның әкімін алып барып, жеке-жеке сұрады. Сонда аудандарды қалпына келтіру дұрыс болатыны туралы ойымызды айтып бергенбіз, – дейді Түсіпхан Түсіпбекұлы.

Экономист Мақсат Халықтың айтуы бойынша, аудандардың қосылғаны дұрыс болған. Бірақ жұмыстың ұйымдастырылуы мен іске асырылуында кемшілік кеткен.

– Өңірлерді жандандыру бағытында моноқалаларды дамыту бағдарламасы жүргізіліп жатыр ғой елде. Түптеп келгенде, бұл да аймақтарға көңіл бөлуге арналған жоба. Әр өңірде бір-бір шағын қала болса, халық сонда топтасар еді деген ниет. Экономика ғылымында осы агломерация тақырыбы қазір алға шығып тұр. Әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, халық қалалардың маңайына топтасатынына көз жеткіздік. Ал, жоғарыда айтқанымдай, жалпы, аудандардың біріктірілгені дұрыс болған. Бірақ мәселе оның ұйымдастырылуы мен іске асырылуында жатыр. Дұрыс жүргізілмеген, жол нашар болғандықтан орталыққа жету қиындаған, халық қалаға көшіп кеткен болып тұр. Расымен, аудандардағы мәселелер дер кезінде шешілмейді. Кішкентай шаруа істеу үшін де олар орталық бюджетке қарайлап отырады. Мұны ұйымдастырудағы қателік деп айтуға болады. Осы секілді кейбір нәрселерді қайта қарастыру керек. Әсіресе аймақ стратегиялық тұрғыда, ұлттық қауіпсіздік тұрғысында маңызды болса, шекара шебінде орналасқан болса, көбірек көңіл бөлу керек, – дейді Мақсат Халық.

c44688eb-97f9-408b-aac0-ab8c4682338f.jpg

«Кәсіпкерлерге салық жеңілдігін беру керек»

«Аудандарды қайта қалпына келтіру керек пе?» деген сұрақ қазір ел көкейінде жүр. Бұған келгенде біздің спикерлердің пікірі екі бөлек, алайда екеуі аудандарды дамыту үшін бір ұқсас ұсынысты айтады.

– Қазір шекарадағы елді мекендердің мәселесі күрделеніп барады. Халықтың көшіп кетуінен мемлекет шекарасы жалаңаштанып қалды. «Бос жатқан жер жау шақырады» демекші, арғы жағында қытайлар шекараға бар-жоғын үйіп-төгіп әкеліп жатыр. Батыс аймағын дамыту туралы бағдарлама қабылдап, қаншама қала салып, қаншама автожол төсеп тастады. Мемлекеттің басты мақсаты – ұлттық қауіпсіздік қой. Ал шекара мәселесі ұлттық қауіпсіздікке жатады, сондықтан аудандарды қайта қалпына келтірген абзал. Қазір ауылдарда мектеп пен әртүрлі мәдениет ошақтары салынып жатыр. Мемлекет шекара шебіне көңіл бөліп жатқанын осылай көрсетеді. Бірақ бұл шаруа құмға сіңген су секілді. Өйткені халық жоқ қой. Алып ғимараттар кімге керек? Мысалы, Тарбағатайдағы Жетіарал ауылының 300 орындық жаңа мектебі бар, бірақ онда 120 бала ғана қалды. Ал не бұл? Әуелі, халықты келтіру керек. Содан кейін барып не салып, не салмау керегі белгілі болады. Ал қалай келтіру керек? «Арнайы экономикалық аймақ» деген түсінік бар. Ондай аймақта кәсіпкерлер салықтан босатылады. Соны шекаралық аудандарға енгізсе, кім келіп кәсіп ашпайды? Жұрт жан-жақтан ағылып келіп, топтасар еді, – дейді Түсіпхан Түсіпбекұлы.

Экономист Мақсат Халық біріккен аудандарды қайта бөлу үшін әрқайсында 50 мыңдай халық болуы керегін айтады. Ал Түсіпхан Түсіпбекұлының «Арнайы экономикалық аймақ» туралы айтқан пікірімен толық келіседі.

– Әуелі ол аймақ егін мен мал шаруашылығына қолайлы ма дегенді қараймыз. Егер қолайлы болса, жерлері латифундистердің қолына өтіп кеткен жоқ па дегенді қараймыз. Өтіп кетсе, мемлекет жерді қарапайым шаруаның қолына қайтаруы керек. Сосын халықты өңірге тартуы керек. Қалай тартуы керек? Рас, «арнайы экономикалық аймақ» енгізу өте тиімді. Әлем тәжірибесінде бұл оң нәтиже көрсеткен. Біздің елде де бар тәжірибе. Өзге облыстарда «Ертіс», «Тобыл», «Жетісу», «Оңтүстік» сынды экономикалық аймақтар құрылған. Соны Шығыстың кейбір ауданына енгізу керек. Мұның халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге қосатын үлесі жоғары. Себебі салықтық жеңілдіктер мен субсидия болған жерге үлкен компаниялар топтасып, фабрикалар салынады. Нәтижесінде жұмыс орындары ашылады. Тағы бір артықшылығы, ондай жерде шығарылған өнімдердің құны төменірек болады. Демек, елді арзан өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Міне, осыдан кейін халық аймақтарға келеді. Халық саны белгілі шамаға жеткенде, яғни 50 мыңдай болған соң барып жеке аудан етіп ашу тиімді болады, – дейді Мақсат Халық.

P.S. Облыста шекаралық Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар сынды бес аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында кешенді жоспар әзірленген. Соның аясында 2020-2024 жылдар аралығында 218 миллиард теңге жұмсалып, бірқатар жоба жүзеге асырылады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуы бойынша, былтыр Күршім мен Үржар ауылдарында жүзу бассейні, Мақаншы ауылында спорт модулі салынды. 17 екіпәтерлі және бір отыз пәтерлі үй пайдалануға берілді. Үш көппәтерлі үйдің құрылысы басталып, 105 білім беру, алты денсаулық сақтау, тоғыз спорт, 31 мәдениет объектісі, 270 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөнделді. Тарбағатай, Күршім және Үржар аудандарының ауылдарына сумен жабдықтау желілері тартылып, 18 елді мекенге блокты-модульді станциялар орнатылды. Шекаралық аудандардың ауруханаларындағы перзентхана бөлімшелерін екінші деңгейге ауыстыру үшін 989 миллион теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынған. Биыл төрт көппәтерлі тұрғын үй, сегіз су құбыры, төрт денешынықтыру-сауықтыру кешені, екі спорт модулі және үш мәдениет нысанының құрылысы жоспарланып отыр. 26 білім беру, үш денсаулық сақтау, төрт спорт, алты мәдениет нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 12 су құбыры және 230 шақырымнан астам жол мен көшелер жөнделетін болады. Жалпы, биыл бес шекаралық ауданды дамытуға 59 миллиард теңге жұмсалады.

Кейінгі жиырма жылда аудандардағы халық саны азайғаны анық байқалады. Мысалы, бұрынғы Марқакөл ауданында 24 мың халық болса, бүгінде бес мыңға жуық тұрғын қалған. Ал бұрынғы Тарбағатай ауданында 60 мың халық болса, бүгінде біріккен екі ауданда 40 мыңдай халық тіршілік етеді.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:32

ШҚО Драма театрында жаңа маусым. Қандай спектакльдер болады?

Бүгін, 15:26

Риддерде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қызу жүріп жатыр

Бүгін, 13:52

Қазақстанда 74 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Бүгін, 12:48

ШҚО-да 36 адам суға кеткен

Бүгін, 11:06

Жылдамдықты асырғаны үшін 20-дан астам бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды

Бүгін, 10:00

ШҚО-да өткен тәулікте 122 адамнан коронавирус анықталды

17.09.21, 18:02

Саудаға рұқсаты жоқ барлық дүңгіршектер алынып тасталады – Семей әкімі

17.09.21, 17:49

"Ұланым" әніне бейнеклип түсірілді - видео

17.09.21, 17:20

Семейде кептелістерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде

17.09.21, 16:52

ШҚО-дағы 45 елді мекенде интернет жылдамдығы жақсарады

17.09.21, 16:19

Мұндай объектілерге қаражат салудың мәні жоқ – Даниал Ахметов

17.09.21, 15:21

Жылыту кезеңіне қалай дайындалу керек?

17.09.21, 14:26

ШҚО әкімдігі Made in Kz тобының Ұлыбританияда өнер көрсетуіне 20 миллион теңге жұмсамақ

17.09.21, 13:41

Демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

17.09.21, 13:00

ШҚО-да өзге аймақтардан келген 8 наркокурьер ұсталды. Арасында колледж студенті де бар

17.09.21, 12:37

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты

17.09.21, 12:10

Семей тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

17.09.21, 11:14

Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

17.09.21, 10:04

Өскеменде 7-8 жастағы қыздар зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

17.09.21, 09:49

Шығысқазақстандықтар үшін 63 ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 16:32

ШҚО Драма театрында жаңа маусым. Қандай спектакльдер болады?

Бүгін, 15:26

Риддерде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қызу жүріп жатыр

Бүгін, 13:52

Қазақстанда 74 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Бүгін, 12:48

ШҚО-да 36 адам суға кеткен

Бүгін, 11:06

Жылдамдықты асырғаны үшін 20-дан астам бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды

Бүгін, 10:00

ШҚО-да өткен тәулікте 122 адамнан коронавирус анықталды

17.09.21, 18:02

Саудаға рұқсаты жоқ барлық дүңгіршектер алынып тасталады – Семей әкімі

17.09.21, 17:49

"Ұланым" әніне бейнеклип түсірілді - видео

17.09.21, 17:20

Семейде кептелістерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде

17.09.21, 16:52

ШҚО-дағы 45 елді мекенде интернет жылдамдығы жақсарады

17.09.21, 16:19

Мұндай объектілерге қаражат салудың мәні жоқ – Даниал Ахметов

17.09.21, 15:21

Жылыту кезеңіне қалай дайындалу керек?

17.09.21, 14:26

ШҚО әкімдігі Made in Kz тобының Ұлыбританияда өнер көрсетуіне 20 миллион теңге жұмсамақ

17.09.21, 13:41

Демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

17.09.21, 13:00

ШҚО-да өзге аймақтардан келген 8 наркокурьер ұсталды. Арасында колледж студенті де бар

17.09.21, 12:37

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты

17.09.21, 12:10

Семей тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

17.09.21, 11:14

Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

17.09.21, 10:04

Өскеменде 7-8 жастағы қыздар зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

17.09.21, 09:49

Шығысқазақстандықтар үшін 63 ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: