Аудандарда медицина саласы қалай дамып жатыр?
24.12.2021 | 17.23
0
23
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен өңірдегі денсаулық сақтау саласы белсенді жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атап айтқанда, Катонқарағай ауданында медициналық инфрақұрылым жақсарып, жаңартылып жатыр.
- "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында Катонқарағай ауылында ауданаралық аурухана, Аққайнар және Алтынбел ауылдарында отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салынды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Белқарағай, Топқайың, Ақсу, Новохайрузовка, Сенное, Көктерек, Майемер ауылдарындағы медициналық пункттер жөнделді,-делінген аудан әкімінің хабарламасында.
Сондай - ақ, әкімдіктің мәліметінше, "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша Үлкен Нарын ауылындағы орталық ауруханаға, Қайыңды, Жаңа-Үлгі, Қабырға медициналық пункттеріне күрделі жөндеу жүргізілген.
Комментарии (0)