Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша семинар өтті – Бесқарағай ауданы
23.05.2022 | 11.26
0
70
Бесқарағай ауданында көктемгі егістік жұмыстары және ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша аудандық семинар жиналыс өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шараға аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Семинар жиналыс барысында көктемгі егіс науқанының өткізілу барысы мен жерді тиімді пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тиісті сала басшыларының есептері берілді.
- Аудан экономикасында негізгі сала - ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, аграрлық секторды дамыту біздің басты мақсатымыз. Ауданымызға ауыл шаруашылығы бойынша түсетін инвестицияның 70%-астам бөлігін әкеліп отырған B Аgro Group ЖШС. Осыған орай бүгін барлық шаруа қожалық басшыларына B Аgro Group ЖШС-нің жұмыс барысы таныстырылып, жаңа технологияларды пайдалана отырып, сапалы өнім алу бойынша түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылды. Осы жұмыстың барысында B Аgro Group ЖШС-нің қызметкерлері практика жүзінде техникалардың жұмысымен таныстырды, - дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров
Аталған семинарға Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының өкілдері, "Бесқарағай несие" ЖШС-нің директоры, ауыл шаруашылық техникаларын жеткізуші «Euroasia Agro" және "CT Agro" компанияларының өкілдері мен тұқымдарды өңдеуші EXPLANTA" ЖСШ-мен "Qazaqastyk" ЖСШ-нің өкілдері қатысты.
Комментарии (0)