Аягөз ауданында бизнес идеяларды іске асыруға 202 адам грант алды
05.12.2020 | 14.49
0
289
Аягөз ауданында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту орталығына 202 адам өтініш білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2020 жылы бизнес идеяларды іске асыруға арналған жаңа механизм қайтарымсыз негізінде 200 АЕК-ке (555 600 теңге) көлемінде мемлекеттік грант беру төмендегі санаттарға қаралған: .
- көп балалы отбасыларға
- 29 жасқа дейінгі жастарға
- аз қамтылған отбасыларға
- мүмкіндігі шектеулі жандарға
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
Аягөз ауданы бойынша есепті жылға бөлінген қаражат 112 231 мың теңге.
Комиссия отырысында бизнес жоспарлары қаралып, 202 қатысушы мемлекеттік грант алды, оның ішінде:
- көп балалы отбасынан - 66,
- аз қамтылған отбасылардан – 16,
- мүмкіндігі шектеулі жандардан – 7,
- 29 жасқа дейінгі жастардан - 32,
- жұмыссыздардан - 76,
- өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер – 5 қатысушы.
Комментарии (0)