Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)
02.12.2020 | 11.16
0
11645
Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында бой көтерді. Жобаға 277,4 миллион теңге жұмсалыпты.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мынадай функционалдық топтар қарастырылған:
*дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарына арналған бөлме
*қоғамдық көпшілік бөлме
*әкімшілік-шаруашылық бөлмесі
*сауықтыру мақсатындағы бөлме.
Сондай-ақ мұндағы жабық әмбебап стадионда 200 көрерменге арналған мәдени және спорттық іс-шаралар, спорттық сабақтар өткізу жоспарланған.
Комментарии (0)