Аягөз ауданында кәсіпкерлер саны артты
05.12.2020 | 17.32
0
333
Аягөз ауданында кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік грант алғандардың есебінен жеке кәсіпкерлер саны артты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2020 жылы қазан айында аудан бойынша 202 адам мемлекеттік грант алған. Соның есебінен 16 адам жеке кәсіпкерлігін ашып отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамту бойынша 44 адам біріңғай жиынтық төлемін төлеуде. Сонымен қатар, АӘК алушылардың қатары 48 адамға азайды.
Айта кетсек, мемлекеттік грант алғандармен 3 ай көлемінде жұмыстар жүргізіледі. Оларға өзін ісін ашуға және жеке кәсіпкерлікке өтуге қолдау көрсетіледі.
Комментарии (0)