Аягөз халқы мал басын өсіруге ниетті
05.12.2020 | 15.10
0
318
Аягөз ауданында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша комиссия отырысында жоспарлар қаралып, 202 қатысушыға мемлекеттік грант берілді. Басым көпшілігі мал басын өсіруге артықшылық беріп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ, көкөніс өсіру, қызмет көрсету салалары бойынша іс бастау қолға алынбақ.
Мысалы:
1. Ірі қара малын өсіру – 141,
2. Жылқы шаруашылығы – 4,
3. Ұсақ мал шаруашылығы – 6,
4. Шаштараз – 13,
5. Сұлулық салоны – 9,
6. кондитерлік өнімдері цехын ашу – 6,
7. қыз жасауы – 1,
8. Тігін шеберханасы – 3,
9. 1С бағдарламалық жасақтамасында жұмыс істеуге үйрететін компания – 1,
10. Фотосуретті басып шығару қызметін ұсыну – 2,
11. Пластик терезе даярлау – 1,
12. Дәнекерлеу машинасын сатып алу – 2,
13. Көкөніс өсіруге арналған жылыжай – 1,
14. Жиһаз өндірісі – 1,
15. Оқыту процесін ұйымдастыруға қажет құрал сатып алу – 1,
16. Шлакоблок шығаратын шеберхана ашу – 1,
17. Дөңгелектерді қондыратын цехты ашу – 1,
18. Жартылай дайын тагамдарды дайындау – 5,
19. Теріден жасалған бұйымдар – 1,
20. Автокөлік жөндеу шеберханасы – 1,
21. Ағаш шеберханасы – 1.
Қалған өтініш білдірушілер үшін облыс басқармасынан қосымша 40 адамға мемлекеттік грантқа сұраныс жіберілді.
Комментарии (0)