Аягөз тұрғындарының 90 %-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген
27.12.2021 | 18.15
0
29
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Аягөз ауданында бүгінгі таңда қала, кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындарын сумен қамтамасыз етумен қатар, бұл жұмысты елді мекендер мен қыстақтарда да жүзеге асырады.
Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақовтың мәліметінше, 2021 жылы 50 елді мекеннің 45-і ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни тұрғындардың 90 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
– Өткен жылы 39 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ақшаулы ауылында су тарту және су құбыры желілерін салдық. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша Батпақ, Ақши, Айғыз, Баршатас, Емелтау, Нарын, Сарыарқа, Тарбағатай, сондай – ақ Бидайық, Қосағаш, Мәдениет ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жүргізілді, - деп хабарлады Сейілбек Ысқақов.
Бұдан басқа, Ақтүбек, Ақкілет, Қопа, Қарабұлақ және Желдіқара, Ай, Ақтас, Ақшоқы, Биесыймас, Ортаарал және Ескенебұлағы елді мекендерінде блокты-модульді станциялар орнатылды.
Ай және Қопа ауылдарында су тарту және су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін жобаға түзету енгізілді. Қазіргі уақытта қаражат бөлінген, жұмыс 2022 жылы жалғасатын болады.
Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Аягөз қаласының солтүстік шағын ауданында инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 167 тұрғын үй жобасы жүзеге асырылуда.
Аягөз қаласында су құбыры желілерінің құрылысы басталды, 37 көше бойынша 79,5 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 3,5 шақырым су құбыры салынды. Бұл жоба 2022 жылы аяқталады.
Келесі жылы Аягөз қаласының 27 көшесінің тозған су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда.
Байқошқар және Қорық ауылдарында су тарту және су құбыры желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасының сараптамасы алынды. Жақын арада аталған жоба бойынша да жұмыстар басталады.
Комментарии (0)