Аягөзде ер адам темекі мен ішімдік ұрлаған
25.06.2021 | 10.49
0
96
Аягөз қаласында темекі мен ішімдік ұрлаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған Аягөз қаласының 51 жастағы тұрғыны тағы да заңсыз әрекетке барған. Ол теміржолдың станциясында орналасқан сауда дүңгіршігіндегі алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін ұрлады. Жәбірленушіге 72000 теңгеден жоғары шығын келтірген.
Аягөз аудандық сотының шешімімен ер адамға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып отыр. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде есепте тұр және оны жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда.
ШҚО ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Аягөз қаласында пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу, шартты мерзімге, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымға орналасуға тыйым салу немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі жаза түрлеріне сотталған тұлғалар есепте тұр. Тіркеудегі 119 адамның 20% -ы бірнеше рет сотталғандар.
Пробация қызметі қызметкерлері сотталғандардың мінез-құлқын және соттың оларға жүктелген міндеттерін орындауын бақылау заңға сәйкес жүзеге асырылады.
«Пробация қызметі жұмысындағы басты мақсат - сотталушыға қылмыс жасамай, заң аясында абыроймен өмір сүре алатындығын көрсету және дәлелдеу. Алайда, түзеу жолына түскісі келмейтін сотталушылар да кездеседі», - дейді пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ермек Қалиев.
⠀
Комментарии (0)