Аягөздік аға лейтенант үздік батарея командирі атанды
01.12.2020 | 16.12
0
129
2020 жылғы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты ракета әскерлері мен артиллерия әскери бөлімдері сайысқа түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш дода Аягөз гарнизонындағы 10181 артиллериялық әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Нұртас Серікбол үздік батарея командирі атанды.
Бала кезден әскери қызметті армандаған Нұртас Серікбол Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына түсіп, 2017 жылы оқуды аяқтайды. Одан кейін жас офицер 2019 жылғы Қарулы Күштер Бас штаб бастығының қатысуымен өткен Құрлық әскерлері Әскери институтының офицер түлектеріне құрмет көрсету рәсіміне қатысты. Биыл Изенді полигонында өткен ауқымды тактикалық оқу-жаттығуда тапсырмаларды орындап, өз білімімен көзге түсіп, қорытынды жиында құрметке лайық деп танылды. Енді, міне, комиссияның қорытынды тексерісі кезінде Нұртас басқаратын батареяның жеке құрамы барлық пәндерден жоғары нәтиже көрсетіп, өңірлік қолбасшылық ішінде үздік батарея атанды.
Комментарии (0)