Аягөзге атақты футболшы Кака келді
28.12.2021 | 13.02
0
38
Аягөз ауданына бразилиялық футболшы, Кака деген атпен танымал Паулу Рикарду Фигейра Силва келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атақты футболшы - қазір отандық футбол клубы “Қайраттың” бас бапкері. Ол шғысқа арнайы келіп, “Аягөз мақтанышы” төсбелгісін алып отыр.
Бұл туралы аудан әкімі Ысқақов Сейілбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Ауданымызға еліміздің белді футбол клубтарының бірі “Қайраттың” бас бапкері Пауло Рикарду Фигейро Сильва «Кака», Алматы энергетикалық колледжінің директоры Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович және жерлестеріміз жас футболшыларымыз Турсагулов Даурен, Оразов Биржан арнайы келді. Спортшыларымызды қабылдап, ауданымыздың атын әлемдік додадаларда шығарып жүргендері үшін алғысымды білдірдім. Сонымен қатар, Аягөзімізге арнайы келген, жас спортшыларымыз оқыған колледждің директорына алғысымды білдіріп, Пауло Рикарду Фигейро Сильваға алдағы уақытта да бар білімі мен тәжірибесін Отанымыздың мүддесіне аянбай жұмсайтындығына сенімімді білдіре отырып, “Аягөз мақтанышы” төсбелгісін табыстадым, - деді аудан басшысы.

Комментарии (0)