Әйелге жүктелер жауапкершілік жеңіл емес

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Әйелге жүктелер жауапкершілік жеңіл емес

0

72

– Мен Зайсан қаласында дүниеге келгенмін. Ал бұл жолы Шығыс Қазақстанға келуіме облыс Әкімінің шақыруы негіз болды. Алдымен туған қалам Зайсанда, Ақжар ауылындағы бір кездері тұрған үйде болып, әкемнің еңбегі сіңген мекендерді көрдім. Зайсан кереметтей гүлденіп, ажарланыпты. Өте риза болдым. Ондағы медициналық орталықтағы заманауи жабдықтар, дәрігерлердің біліктілігі, адамдарды емдеудегі жаңашыл ізденістері қуантты.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдікте аймақтағы іскер әйелдермен болған кездесуін еліміздің бас гинеколог-акушері, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, «Алтын Адам» жүлдесінің иегері Нина Каюпова осылай бастады. Нина Әмірқызы өткенді бүгінгімен салыстыра әңгімелеп, бұл сапарының басты мақсатын да айта кетті. Ол – облысымыздағы іскер әйелдер қозғалысының жұмысын жүйелеп, белсендіру арқылы ана мен баланың қорғалуына басты назар аудару қажеттілігін түбегейлі негіздеу.

Нина Әмірқызымен бірге келген Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо сөзін әйелдердің тірлігінен бастап, облысымыздағы әйелдер қозғалысына барлық дерлік саланың өкілдері қатысып отырғанын, ал бұл жолғы ғылым докторымен кездесудің мәнділігін нақты мысалдармен тарата айтып өтті.

Бүгінде Елбасымыздың өзі елдегі негізгі қозғаушы күштердің бір тетігі болып саналатын аналар еңбегіне, балалардың денсаулығына ерекше мән беріп келе жатқаны белгілі. Бала тууының көбеюін қамтамасыз ету мақсатында аналарға әр дүниеге келген сәби үшін төленетін жәрдемақы жүйелі түрде өсіп келеді, дегенмен оның да күткендегідей нәтижеге жеткізбей отырғаны шындық. Бұл жайында әңгімелеген Нина Каюпова Павлодар облысына барған бір сапарында көзімен көрген жағдайды нақты мысал етіп келтірді. Көпбалалы ананың жағдайымен танысуды мақсат еткен оның көңілін әдемі особняк-үй марқайтса да, ондағы лас және күлімсі иіс жүдеткен екен.

– Сырты әдемі үйдегі ананың сегіз баласы бар екен. Оның үшеуі түрлі қылмыспен түрмеде отырған болып шықты. Ал көз қуанышы – балаларына дұрыс тәрбие бере алмаған сол әйел «Анау жоқ, мынау жетіспейді» деп, менің жанымдағы әкімге дүрсе қоя бергені. Осы жерде айтарым, үйдің үй болуы табыс енгізетін қожайынында емес, соны ұқсатуға тиіс әйелдерде ғой. Ал сол сапарда жолыққан ана ошағының басын таза ұстап, балаларына қалыпты тәрбие беруді ұмыт қалдырғанын байқадым және бәріне Үкімет кінәлі дейтін кемақылдылықтан арылмаған қылығына жаным ауырды, – деген Нина Әмірқызы отбасындағы әйелдер рөліне ерекше тоқталды.
Оның сөзіне қарағанда, азаматтардың өз денсаулығы үшін жауаптылығын қадағалай-тын ұйымдар құрылғаны жөн.

Мәселен, ішкілікке салынған немесе бей-берекет жыныстық қатынасқа түсіп, балалы болатын әйелдерден қандай дені сау ұрпақ күтуге болады? Міне, нақты мысал: Қазақстанда әр жыл сайын 250 сәби Дауна синдромымен, үш мыңға тарта сәби түрлі кемістіктермен дүние есігін ашады екен. Ал анасының жүктілікке немқұр-айлы қарауының кесірінен көп жетіспеушілікпен өмірге келетін әр сәбиді қатарға қосу үшін мемлекет тарапынан 50-60 мың доллар қаражат жұмсалатын көрінеді. Өзге елдерде мұндай қаржыны ата-аналар өз қалтасынан төлеп, мемлекет одан кейінгі қажеттіліктерін көтеріп алатын сынды.

– Ер адамдар маған өкпелемесін. Әйел – қашанда әйел, өмірге ұрпақ әкеліп, жеткізуші. Сондықтан бізге есеп беріп немесе жалынды сөзге бой алдырмай, әр жас отау иелеріне мейлінше көмек жасау керек. Олар бірнеше балалы болса және баса айтамын, өз сәбилерінен бас тартпаса, өмір мәнді болады. Әркім өзінің де, ұрпағының да денсаулығы үшін жауапты екенін ешқашан ұмытпағаны жөн, – деді Нина Әмірқызы сөз арасында.

Әйелдер жайында әдемі әңгіме өрбіген кездесу соңында ол Өскеменде республикалық әйелдер кеңесінің филиалы ашылатынын және оны Светлана Ферхо басқаратынын жеткізді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 15:44

Жүлде қоры 3 миллион: Қазақстанда турникке тартылудан фестиваль өтеді

Бүгін, 14:38

COVID-19: Қазақстанда жолаушылар тасымалына қатысты жаңа қаулы жарияланды

Бүгін, 14:05

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарған

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 15:44

Жүлде қоры 3 миллион: Қазақстанда турникке тартылудан фестиваль өтеді

Бүгін, 14:38

COVID-19: Қазақстанда жолаушылар тасымалына қатысты жаңа қаулы жарияланды

Бүгін, 14:05

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарған

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: