"Айлығымызды ала алмай жүрміз" Ветеринарлардың еңбегі неге "желініп" жатыр?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

"Айлығымызды ала алмай жүрміз" Ветеринарлардың еңбегі неге "желініп" жатыр?

4

2464


Шығыстың мал дәрігерлері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, облыстық Ветеринария басқармасы тиісті қаражатты уақытында аудармаған.  Отбасын асырап, бір жалақыға қарап отырған мамандар сонда қалай күн көрмек? 
Мемлекеттің дамуында ауыл шаруашылығының алар орны ерекше екені сөзсіз. Шаруашылықты дамытамыз, төрт түліктің басын арттырамыз, деп биік мінберлерден небір ірі жоба-жоспарлар айтылып-ақ жатыр, не керек. Дегенмен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған салаға тікелей қатысы бар ветеринария қызметінің ақсап тұрған тұстары көп. 
Мал дәрігерлерінің айлығының аздығы, ауыр да жауапты жұмысқа қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен қамтылмауы, қағазбастылық, тағы сол сияқты кемшіліктер жетіп артылады. Расымен қазіргі ветеринарлар елдің қорасындағы малды емес, кеңседегі қағаз бен компьютерді жағалап кетті. Қағаз жазу мен құжат толтырудың, малдан алынған сынамаларды зертханаға өткізудің машақаты көп. Қысы-жазы малмен алысу оңай ма? Мұның үстіне қағаз бен есеп-қисаптың қиындығы келіп қосылған. 
Десе де мал дәрігерлері жұмысты қиынсынып жүрген жоқ. Бірақ еңбегі үшін мардымды жалақы ала алмайтыны былай тұрсын, соның өзін зарлатып, төлемей қойғандары қалай?

- Ақша негізі бір жылға деп бөлінеді ғой. Қарашадан бері әлі айлық ала алмай отырмыз. Жалпы әр айда әр түрлі төлейді. Еңбек демалысына ақы, емделуге арналған жәрдемақы деген мүлде жоқ. Кәсіподаққа деп ақша ұсталады, бірақ оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Жұмысымызға қандай шығын кетсе, соның бәрі өз қалтамыздан төленеді, - дейді Катонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылдық округінің мал дәрігері Айбын Тұмарбаев. 

Сонда жылына бір келетін еңбек демалысың төленбесе, бұл қандай жұмыс? Тікелей төрт түлікпен жұмыс істеп, түрлі аурулармен күнделікті кезігетін мал дәрігерлеріне денсаулығын сауықтыруға үстеме ақша төленгені жөн еді. Бірақ күн-түн демей жұмыс істеп жүрген мамандардың жалақысы еңбегіне қарай лайықты берілмей жатқанда, үстеме ақша туралы айтудың өзі орынсыз болар.
Тағы бір мәселе - малға сырға тағып, есепке алыңдар деген тапсырма түседі екен. Ал сырға жетпейді. Жіберілген сырғалардың көбі бұрын қолданылған, базада тіркелген болып шығады.

- Компьютерде базадан шығып тұрады. Жылқыға таңба басайық десек, не жанармай жоқ, не қыздыратын инструмент жоқ. Мүлде жағдай жасалмаған, - дейді Айбын Тұмарбаев.

Айта кетсек, мал дәрігерлері карантин кезінде жұмыс істепті. 

- Қарашада алықтың жарты пайызын берген. Содан бері жоқ. Басшылық ақша жетпей қалды дейді. Қаңтарда береміз деген. Әлі тыныш. Пандемия кезінде бәрі онлайн жұмыс істеп отырғанда, жалғыз ветеринария қызметі мен полиция ғана үйлерді аралап, жұмыс істеді. Не маска, не антисептик жоқ. Өзіміз сатып алып, өзімізге жағдай жасадық. Жұмыс керек болған соң істейсің. Жазда тағы 4 ай айлықсыз отырдық. Ауданнан облысқа ауыстыратын кезде айлық төлемей төрт ай бойы созды. Бөліп-бөліп зорға төлеген, енді күзде тағы басталды, - деп мұңымен бөлісті Белқарағай ауылдық округінің мал дәрігері Сайран Оқасов.  

Үржар ауылдық округінің мал дәрігері Манарбек Қабиннің айтуынша, ветеринария көзге көрінбейтін, қадірсіз мамандыққа айналған. 

- Мал дәрігері ауру шыққанда ғана керек. Вакцина егесің, бірақ түк істемеген адам секілдісің. Шприцке ақша бөлінбейді. Әр малды жеке инемен егу керек. Бір ине 50 теңге тұрады. 1000 бас малды егу үшін мың ине алу керек. Не халат, арнайы киім-кешек пен аяқ-киім жоқ. Бір округке бір көлік берілген, қазір онысы да жүрмейді. Бір-бірінен «сводка» жинайтын ұйым секілдіміз. Паспорт толтыртады. Бұл баяғыда жауып тастайтын нәрсе. Төрт мың бас ірі қара болса, соның бәрінің паспортын жазып отыруым керек, мысалы. Сонда кім жұмыс істейді? – деп күйінді Манарбек Қабин.

Катонқарағай ауданының ветеринария қызметінің басшысы Рақымғали Байгереев айлықтың төленбеуі облыстық Ветеринария басқармасынан тиісті қаражаттың бөлінбеуінен дейді. Айтуынша, басқарма ауданның ветеринария қызметіне 15,5 миллион теңге аудару керек болған.

- Бұл проблема Катонқарағайда ғана емес, бүкіл облыста бар. Біз жыл көлемінде атқарылған жұмыс бойынша  15,5 млн табыс таптық. Оның ішінде 8 млн 700 мың теңге – біздің жалақымыз болатын. Ветеринария басқармасы осы қаражатты бермей қойды. Өйткені сессияда ақшаның бәрі коронавирусқа кетті деп, бүкіл облыстың ветеринариялық пункттеріне берілмепті. 4-5 аудан меншікті қаражат есебінен үнемделген ақша арқылы төлеген екен. Оларда артық бос орындар бар. Біздің ауданда бос орын жоқ, бәрі толып тұр. Бірақ бізге желтоқсан айында 10 млн береміз деді. Айлық төлейсің деген. Одан кейін облыстық маслихаттың сессиясы өтті, басқарма ветеринарияға бір тиын бермей қойды деді. Енді біз не істейміз деп едік, солай түсіндіріңдер деді. Қарашада 50 мың теңгеден бердік. Желтоқсанда бізде қаражат болмай қалғандықтан төленбеді. Алдында есеп тапсыруға барғамыз, сонда сұрадық, қараша мен желтоқсанның ақшасы беріле ме деп. 2021 жылдың қаражаты есебінен өздерің төлеңдер, адамдарды қысқартыңдар дейді. Ақшаның бәрі бізге басқармадан түседі, ал біз өзіміздің жұмыстың бәрін атқардық, жоспарды орындадық, бірақ қаражатты бізге түсірмеді. Бәріміз ақшасыз қалдық. Кредитіміз бар. Қарыз алып жүріп, жаптық. Осылай жүрміз, - дейді Рақымғали Байгереев. 

Бұл мәселеге қатысты ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағындықов не дейді екен? 

- Мал дәрігерлері қаңтардың 15-нен кейін шоттары ашылған соң жалақыларын алады. 2020 жылы жоспарлары дұрыс болмаған мекемелердің желтоқсанда ақшалары біраз жетпей қалды. Дегенмен осы қаңтарда  қалған жалақыларының барлығын алады, оның ішінде сыйақылары да бар. Шоттары осы аптада ашылады деп отыр. Қазынашылық қашан жұмысын бастайды, сол кезден біз де бәрін толық аударамыз, - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Рамиль Сағындықов биылдан бастап мал дәрігерлерінің барлығы еңбек демалысының ақысын алып отырғанын айтады. 

- Еңбек демалысы төленбейді деген бос сөз. Барлығына төленген, - дейді ол.

Басқарма басшысы жалпы ветеринария саласындағы өзекті мәселелерге қатысты сөз қозғады. Оның мәліметінше, облыс әкімі осы мақсатта басқармаға арнайы тапсырма берген екен.

- Мен желтоқсанның 23-і күні облыстық әкімдікте баяндама жасадым. Материалды-техникалық базаның ескіргені туралы айтылды. Облыс әкімі бағдарлама дайындауды тапсырып отыр, - деді Рамиль Сағындықов.

Ветеринария басқармасы алдағы уақытта арнайы бағдарламаны жүзеге асырмақ. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, ол бағдарлама жоғарыда аталған мәселелердің барлығын қамтитын болады.


Комментарии (3)

0
АЛТАЙ
Всё правильно написали, молодцы! Спасибо от всех ветеринаров!
Имя
0
АЛТАЙ
Всё правильно написали! Молодцы, спасибо от всей ветеринарии!
Имя
0
Серікжан
Иә, барін дұрыс жаздыңғыз, отпускной 2019-2020 жылдары берілгенжоқ әлі. Бәрін береміз деп алдайды, бастықтарды жұмыстан шығару керек!!
зарплата 60 мын ғана, соны толық бермейді. Көлік, компютер, принтер барін  өзіміз жөндейміз.  
Имя
Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 12:12

Бүгін түнде біраз үйде су болмайды – Өскемен

Бүгін, 11:06

Өскеменде республикалық Президенттік қысқы көпсайыс өтті

Бүгін, 11:01

Семей, жол апаты: көліктердің сау тамтығы қалмады

Бүгін, 10:43

Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды - ШҚО

Бүгін, 10:28

Жолдар бірінен соң бірі жабылып жатыр – ШҚО

Бүгін, 09:44

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін, 09:19

Оқушылар мектепке бармайды – Өскемен

Бүгін, 09:08

Қазақстан халқы биыл алтыншы рет Алғыс айту күнін атап өтеді

28.02.21, 17:25

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

28.02.21, 15:43

Шектеу режимін бұзу жағдайлары ШҚО-ның екі қаласында тіркелді

28.02.21, 14:33

Коронавирус: бір тәулікте 50 науқас тіркелді

28.02.21, 13:27

Ертең қатты жел соғады

28.02.21, 11:14

ШҚО-да мұз жару жұмыстары басталады

28.02.21, 09:00

Өскеменнің әуежайындағы ұшу жолағы жабылады

27.02.21, 15:41

Өскемен мен Семей ереже бұзу жағдайлары бойынша көш бастап тұр

27.02.21, 14:16

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 миллионнан асты

27.02.21, 13:44

Шығыстың қайырымды азаматтары марапатталды

27.02.21, 12:27

Елімізде тағы 54 адам пневмонияға шалдықты

27.02.21, 11:40

Наурыз айында қанша күн демаламыз?

27.02.21, 11:10

Бір тәулікте 631 адам коронавирустан емделіп шықты

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

Бүгін, 12:12

Бүгін түнде біраз үйде су болмайды – Өскемен

Бүгін, 11:06

Өскеменде республикалық Президенттік қысқы көпсайыс өтті

Бүгін, 11:01

Семей, жол апаты: көліктердің сау тамтығы қалмады

Бүгін, 10:43

Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды - ШҚО

Бүгін, 10:28

Жолдар бірінен соң бірі жабылып жатыр – ШҚО

Бүгін, 09:44

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін, 09:19

Оқушылар мектепке бармайды – Өскемен

Бүгін, 09:08

Қазақстан халқы биыл алтыншы рет Алғыс айту күнін атап өтеді

28.02.21, 17:25

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

28.02.21, 15:43

Шектеу режимін бұзу жағдайлары ШҚО-ның екі қаласында тіркелді

28.02.21, 14:33

Коронавирус: бір тәулікте 50 науқас тіркелді

28.02.21, 13:27

Ертең қатты жел соғады

28.02.21, 11:14

ШҚО-да мұз жару жұмыстары басталады

28.02.21, 09:00

Өскеменнің әуежайындағы ұшу жолағы жабылады

27.02.21, 15:41

Өскемен мен Семей ереже бұзу жағдайлары бойынша көш бастап тұр

27.02.21, 14:16

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 миллионнан асты

27.02.21, 13:44

Шығыстың қайырымды азаматтары марапатталды

27.02.21, 12:27

Елімізде тағы 54 адам пневмонияға шалдықты

27.02.21, 11:40

Наурыз айында қанша күн демаламыз?

27.02.21, 11:10

Бір тәулікте 631 адам коронавирустан емделіп шықты

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: