Қайнар ауылында кешенді даму бағдарламасы іске асырылуда - Семей
15.09.2021 | 16.11
0
78
Семей әкімі Бақытжан Байахметов жуықта бұрынғы Абыралы ауданының бірқатар ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндағы Қайнар ауылы бойынша кешенді даму бағдарламасы қабылданған екен. Сапар барысында оны іске асыру бойынша шаралар тексерілді.
- Кешенді даму бағдарламасына сәйкес, биыл облыстық бюджеттен жолдарды, мәдениет үйін, мектепті жөндеуге және дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысына қаражат бөлінді – дейді әкім.
Сонымен қатар, ардагерлермен, белсенділермен, жастармен және ауыл әкімдерімен кездесу кезінде мектептер мен медициналық пункттердің, дәріханалардың, балабақшалардың жетіспеушілігі, жолдарды жөндеу, ауылдарды электрмен жабдықтау, жарықтандур сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Шаһар басшысы юұл мәселелердің алдағы уақытта осы елді мекенді дамыту жоспарына енгізелетінін айтып отыр.
Одан бөлек, 2 ауылды сумен жабдықтау жобасы бойынша құжаттар әзірленуде. Қазан айының соңына дейін олар дайын болуы керек.
Комментарии (0)