Айырбастау пункттерінде доллардың бағамы тұрақтанды
25.06.2021 | 11.29
0
76
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың бағамы тұрақтанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, АҚШ валютасының бағасы бірнеше күн қатарынан өзгермеген.
Бір күн бұрын бір доллардың орташа бағасы 429 теңгені құрады, ал Қазақстандық қор биржасында – 426,83 теңге.
Доллардың айырбастау пункттеріндегі бүгінгі бағамы: Алматыда – 427,7-429 теңге, Нұр-Сұлтанда – 428,2-429 теңге, Шымкент пен Риддерде – 428,5, Талдықорғанда – 428,3, Атырауда – 429,5, Қостанайда – 428,7, Ақтөбеде – 429, Таразда – 430 теңге.
Комментарии (0)