Қазақстанға Pfizer 8-14 қараша аралығында жеткізіледі
04.11.2021 | 15.25
0
59
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Pfizer вакцинасын жеткізу биыл 8-14 қараша аралығында күтіледі. Бұрын айтылған шарт міндеттемелеріне сәйкес, бұл екі миллион адамға екі миллионға жуық вакцина, бұл шамамен төрт миллион вакцина, – деді Шоранов.
Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer.
Комментарии (0)