Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?
06.03.2021 | 11.43
0
830
Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл қазақстандық футболшылар үшін іріктеу кезеңіндегі бірінші матч болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Матчқа жанкүйерлер кіруі әбден мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.
– Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың үйдегі ойындарын жанкүйерлер тамашалау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитар дәрігерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстан – Франция ойынына барлық санитариялық ережелерді сақтау арқылы жанкүйерлердің 30 пайызы стадионға кіре алады. Сонымен қатар, билеттерді сату 10-12 наурызға алдын-ала жоспарланған, – делінген хабарламада.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдаманы топтан бірінші орын алған құрамалар иеленеді. Ал топтық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орын алған 12 команда мен 2020/2021 маусымда Ұлттар лигасында үздік шыққан екі команда тоғыспа кездесулерде үш жолдаманы сарапқа салады.
Комментарии (0)