Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды
13.10.2021 | 12.02
0
60
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиямен ойнады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Талғат Байсуфинов алаңға бірінші минуттан бастап мына футболшыларды шығарды: Шацкий, Бейсебеков, Быстров, Малый, Алип, Вороговский, Жуков, Куат, Васильев, Зайнутдинов, Өміртаев.
Матч тағдырын финдар сапындағы ең танымал футболшы Теему Пукки шешіп кетті. Сұрмерген әр таймда бір голдан соғып, өз құрамасына үш ұпай алып берді.
13 қарашада Қазақстан турнирдің ақтық кездесуін Францияға қарсы өткізеді.
Қазақстан — Финляндия 0:2 (0:1)
Гол соққан: Пукки 45 (0:1), Пукки 48 (0:2).
Комментарии (0)