Қазақстанда 60-тан асқан адамдарға ревакцинация үшін Пфайзер вакцинасы ұсынылады
12.01.2022 | 11.58
0
28
Қазақстанда 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Пфайзер вакцинасы ұсынылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Республикада соңғы аптада вакцинация қарқыны бірнеше есе төмендеді және қаңтар айының он күнінде егілген адамдардың саны желтоқсанмен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан.
Министрдің айтуынша, Омикронның анықталуына байланысты қосымша іс-шаралар енгізіліп, іске асырылуда.
- Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау деңгейін арттыру керек. Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдер емес 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Комирнати («Пфайзер») вакцинасы ұсынылады. Бұдан басқа, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, қызыл аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша алдын алу іс-шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады, - деді Ажар Ғиният.
Комментарии (0)