Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
08.11.2021 | 15.04
0
51
Республика бойынша қант қызылшасы көп өсірілетін Алматы облысында өнім зауытқа аз мөлшерде өткізіліп жатыр. Тіпті бір ғана Көксу зауытында қызылша көлемі 100 мың тоннаға дейін азайып кеткен. Ал жалпы еліміз бойынша тәтті түбірдің тек 35 пайызы ғана жиналыпты.
- Қазіргі таңда өнім 100 тоннаға аз болып тұр. Былтыр 176 мың тонна қант қызылшасын қабылдасақ, биыл ол межеге әлі жеткен жоқпыз, – дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.
Зауыт басшысының сөзінше, олар былтыр 176 мың тонна қызылшасын қабылдап, 22 мың тонна ғана қант өндірген. Жалпы жиналған өнімнің тек 12 пайызынан ғана таза құмшекер алынатынын айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміз орта есеппен 500 000 тонна қант тұтынады. Бірақ оның 27,2 пайызы ғана бізде өндіріледі. Қалған 70%-дан астам тәтті құмшекер көрші елдерден жеткізіледі. Ал қазір қант қызылшасын еккен өңірлер өнімнің 35 пайызын ғана жинап үлгеріпті. Жалпы тәтті түбір еліміз бойынша 21,7 гектарға себілген. Оның 16 мың гектары, яғни басым бөлігі Алматы облысында.
Көксу қант зауыты қант қызылшасының бір тоннасын 11 мың теңгеге қабылдайды. Дәл осы жерден таза қанттың бір келісі 300 теңгеден сатылымға шығады.
Комментарии (0)