Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды
06.07.2022 | 12.16
0
23
"Параграф" ақпараттық жүйесінде жарияланған бұйрыққа сәйкес, 12 шілдеден бастап алты айға дейін автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынады.
"Жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға алты ай мерзімге тыйым салынсын", - деп жазылған құжатта.
Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау жүктелді.
Сондай-ақ үкімет Қазақстанның ішкі істер министрлігіне бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға жол бермеуге көмектесуді тапсырды.
Комментарии (0)