Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін
12.01.2022 | 11.28
0
29
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына "қызыл" аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады", - деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырғаны хабарланды. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Комментарии (0)