Қазақстанда халықты қайта вакциналау басталды
22.11.2021 | 10.16
0
32
Елімізде бүгін халықты қайта вакциналау басталды.
Ревакциналау екі кезеңнен тұрады. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді.
Биыл ревакцинациядан 60 жастан асқандар мен денесінде антидене қалыптаспаған адамдар өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакцинацияның бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарлануда.
Комментарии (0)