Қазақстанда наурыз мейрамы 10 күн тойланбақ

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Мәдениет

Қазақстанда наурыз мейрамы 10 күн тойланбақ

0

2029

Елімізде наурыз мейрамын 14-23 наурыз аралығында 10 күн қатарынан тойланбау ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Наурыз мейрамының басты мақсаты – еліміздегі достық пен бейбітшілікті нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау болып табылады. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік – ең қымбат нәрсе» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын жасап, ұлттық көктем мерекесінің мазмұныны байтуды тапсырған болатын.

Премьер-министр Асқар Мамин Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы қаулыға қол қойды

-        Наурыз мейрамы іс - шараларында ұлттық құндылықтарды дамытып, ұлттық киімдерді кию, халық ойындарын ұйымдастыру, қоғамдық орындарда (сауда орталықтары, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлер және т.б.) ұлттық музыканы ойнатуды қамтамасыз ету, салт-дәстүрді жаңғырту, оның өскелең ұрпақ арасында маңыздылығын ілгерілету арқылы дәріптеуге баса назар аудару қажет", - делінген қаулыда.

Наурыз мерекесін атап өту тұжырымдамасы төмендегідей жүзеге аспақ:

14 наурыз – “Көрісу күні”. Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. “Ұлыстың ұлы күні құтты болсын”, “Ақ мол болсын”, “Ұлыс оң болсын”, “Жаңа жыл құтты болсын!” деп біріне бірі бата-тілектерін айтып, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн.

15 наурыз – “Жайлау күні”. Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады, алаңдарды сыпырып, қардан, қоқыстан тазартады. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі.

16 наурыз – “Шежіре күні”. Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіріп, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, көңіл айтып, дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар бұл күні отбасының, жеті атаның, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі таратылады.

17 наурыз – “Тарихқа тағзым күні”. Мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapымызды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару.

18 наурыз – “Игі істер күні”. Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Волонтерлердің қатысуымен түрлі іс-шара өтеді. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі. Наурыз мейрамы онкүндігінде аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады.

19 наурыз – “Шымырлық пен шеберлік күні”. Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады. Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату, күрес, ақсерек пен көксерек т.б. спорттық ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады.

20 наурыз – “Зияткерлік күні. Бұл күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Бұған қоса, кітапханаларда, жастар орталықтары мен білім беру ұйымдарында жасөспірімдер мен жастар арасында байқаулар, зияткерлік сайыстар және табысқа жеткен еңбек адамдардың, кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастыру.

21 наурыз – “Ұлттық тағамдар күні”. Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ал этнографтардың айтуынша, қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.

22 наурыз – “Ұлыстың ұлы күні”. Таңмен таласа барлығы күн шапағын қарсы алатын 10 сағаттық “Бастаңғы” таңды қарсы алу шарасы өткізіледі. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Одан әрі бұқаралық мереке Наурыз шеруге ұласады.  Сахнада театрландырылған қойылымдар мен жергілікті қала, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және цирктердің көше қойылымдық бағдарламасы ұйымдастырылады.

23 наурыз – “Жоралғы күні”.Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады. Осы күні Елбасы айтқан “кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді” жоюдың жолдары талқыланады.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 12:09

Қайсенов кентінде биыл үш үй қолданысқа беріледі - Ұлан

Бүгін, 12:09

Жыландыда жер үй өртенді – Өскемен

Бүгін, 10:35

Тыл еңбеккерлері туралы тың еңбек жарық көрді – ШҚО

Бүгін, 10:34

Мерген полицейлер анықталды – ШҚО

Бүгін, 10:25

ШҚО әкімі полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Бүгін, 09:41

Өскеменде сотталғандарды вакциналау жалғасып жатыр

Бүгін, 09:24

Бір күнде 9 миллион айыппұл өндірілген - ШҚО

Бүгін, 09:01

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Бүгін, 08:41

Самал саябағында велотрек салынады - Өскемен

22.06.21, 18:33

Өскемендегі мектептерде бөгде адамдардың кіруіне шектеу қоятын турникеттер орнатылып жатыр

22.06.21, 18:18

Алтай ауданында 26 демалыс базасы туристік маусымға дайын емес

22.06.21, 17:39

Белоусовка кентінде жаңа су құбыры жүйесі іске қосылады

22.06.21, 17:23

Ауылдардың көшелері жарықтандырылуда – Глубокое ауданы

22.06.21, 17:16

Шығыстың домбырашы баласы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

22.06.21, 17:04

ШҚО-да ішек инфекциясынан ауырғандар көбейді. Мамандар не дейді?

22.06.21, 16:48

Алакөлде Орта Азиядағы ең үлкен сахна ашылады

22.06.21, 16:44

Өскемен қаласының бірқатар көшелерінде ыстық су өшіріледі

22.06.21, 16:35

Өскемендегі ОВ 156/1 мекемесінің басшысы полицейлерді құттықтады

22.06.21, 16:23

Даниал Ахметов Өскемендегі тасымалдаушы компаниялармен кездесті

22.06.21, 16:21

Агроөнеркәсіптегі субсидиялау механизміне ауқымды талдау жүргізіледі – ШҚО

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 12:09

Қайсенов кентінде биыл үш үй қолданысқа беріледі - Ұлан

Бүгін, 12:09

Жыландыда жер үй өртенді – Өскемен

Бүгін, 10:35

Тыл еңбеккерлері туралы тың еңбек жарық көрді – ШҚО

Бүгін, 10:34

Мерген полицейлер анықталды – ШҚО

Бүгін, 10:25

ШҚО әкімі полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Бүгін, 09:41

Өскеменде сотталғандарды вакциналау жалғасып жатыр

Бүгін, 09:24

Бір күнде 9 миллион айыппұл өндірілген - ШҚО

Бүгін, 09:01

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Бүгін, 08:41

Самал саябағында велотрек салынады - Өскемен

22.06.21, 18:33

Өскемендегі мектептерде бөгде адамдардың кіруіне шектеу қоятын турникеттер орнатылып жатыр

22.06.21, 18:18

Алтай ауданында 26 демалыс базасы туристік маусымға дайын емес

22.06.21, 17:39

Белоусовка кентінде жаңа су құбыры жүйесі іске қосылады

22.06.21, 17:23

Ауылдардың көшелері жарықтандырылуда – Глубокое ауданы

22.06.21, 17:16

Шығыстың домбырашы баласы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

22.06.21, 17:04

ШҚО-да ішек инфекциясынан ауырғандар көбейді. Мамандар не дейді?

22.06.21, 16:48

Алакөлде Орта Азиядағы ең үлкен сахна ашылады

22.06.21, 16:44

Өскемен қаласының бірқатар көшелерінде ыстық су өшіріледі

22.06.21, 16:35

Өскемендегі ОВ 156/1 мекемесінің басшысы полицейлерді құттықтады

22.06.21, 16:23

Даниал Ахметов Өскемендегі тасымалдаушы компаниялармен кездесті

22.06.21, 16:21

Агроөнеркәсіптегі субсидиялау механизміне ауқымды талдау жүргізіледі – ШҚО

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: