Қазақстанда құжаттардың бағасы қалай өзгереді?
07.12.2021 | 17.50
0
38
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге өседі. Құжаттарды дайындау кезінде төленетін мемлекеттік баж мөлшері дәл осы көрсеткішке байланысты.
Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Паспорт алу үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 24 504 теңгені құрайды. Жеке куәлік алу үшін 0,2 АЕК немесе 613 теңге төлеу қажет. Жүргізуші куәлігі - 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге.
Қазақстанда туу туралы куәлікті алу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Ол тегін беріледі. Бірақ акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге мөлшерінде төлем енгізу қажет.
Жас жұбайлар некелерін тіркету үшін 1 АЕК немесе 3 063 теңге төлейді. Ал неке туралы куәлікті қайта беру — 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге. Ажырасуға өтініш берген кездегі мемлекеттік баж мөлшері - 2 АЕК немесе 6 126 теңге.
Ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге. Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 46 302 теңге.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы — 36 018 теңге.
Комментарии (0)