Қазақстандық альпинист Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Лобуче шыңын бағындырды

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

Қазақстандық альпинист Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Лобуче шыңын бағындырды

0

12

Әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған санаулы альпинистің бірі Мақсұт Жұмаев Гималайдағы Лобуче шыңына Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан туын тікті. Бұл шыңның биіктігі – 6 119 метр.

Мақсұт Жұмаев миссиясын сәтті орындады. Ол Катмандуға оралғаннан кейін ғана байланысқа шыққан. Оның сөзінше, Непалда эпидемиологиядық жағдайдың күрделенуіне байланысты локдаун енгізілген. Альпинист карантин жеңілдетілген соң елге оралуды көздейді.

"Кеше сағат 11.30-да 6 119 метрлік шығыс Лобуче шыңына жеттік. Түнгі сағат үште шабуылды бастадық. Ауа райы тып-тыныш болды. Айнала жақсы көрінді. Таң ашық болды. Айналадағы сегіз мыңдық шыңдардың бәрі анық көрінді. Алайда таңғы тоғызға қарай ауа райы нашарлап, бұлт қаптап, қар жауды. Жолды қар басқандықтан ақырындап жүрдік. Тобымыз шыңға асықпай баяу көтерілді", – деді альпинист. 

Мақсұт Жұмаев шыңда көп тұрмаған. Күші мен уақыты тумен фотоға түсіп, құттықтау видео жазуға ғана жеткен. Одан кейін лагерьге қайтқан.

"Бұрылып артқа қайтып кеткім келген сәттер болды. Қар жауып, тіпті найзағай түсуі мүмкін еді. Бірақ мойныма жауапкершілік алғаннан кейін міндетімді орындауым керек. Лобуче шыңына шығып, туды ұстап фото мен видеоға түстік те, содан кейін төменге жәйлап түсе бастадық. Кешке лагерьге жеттік", – деді ол.

Қазіргі таңда альпинист Катмандуда. Миссиясын аяқтаған Мақсұт Жұмаев туған жері Қазақстанға тезірек оралғысы келеді.  

"Бастамамызды альпинизм және құзға өрмелеу федерациясы қолдағанына қуаныштымын. Лобуче шыңы Гималайдағы ең биік және айтулы шың болмаса да пандемия кезінде шекара асып, шыңға көтерілу кез келген адамның қолынан келе бермейтінін ескерген жөн. Непалда 6 мамырдан бері толық локдаун енгізілді. Авиахабарламалар тоқтады. 15 мамырда локдаун не жеңілдетіледі, не күшейтіледі. Непалда ауырып жатқандар көп, сол себепті карантин жеңілдейді дегенге ешқандай кепіл жоқ. Қазақстанға қайтудың амалын іздеп көремін. Ендігі міндетім осы", – деді Мақсұт Жұмаев. 

Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев 2018 жылы Эвересті екінші рет бағындырды. Алғаш рет ол сегіз мыңдық шыңға 2007 жылы көтерілген.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 20:01

Үржарда 3 жасар екі бірдей бүлдіршін арыққа құлап, мерт болды

Бүгін, 18:24

Риддерде тағы өрт. Бұл жолы автобус

Бүгін, 17:50

Жол апаты жиі болатын өңірлер аталды. ШҚО 4-ші орында

Бүгін, 16:27

Аягөздік аяқдопшы «Үздік ойыншы» атанды

Бүгін, 16:21

Коронавирус пен пневмониядан 5000-ға жуық адам көз жұмған

Бүгін, 15:05

Қазақстан мектептеріне мамандандырылған күзет қойылады

Бүгін, 14:39

ШҚО-да күн салқындайды

Бүгін, 14:05

ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған 2 жағдай тіркелді

Бүгін, 13:26

ШҚО-да браконьерлер бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған

Бүгін, 12:26

Ұлан ауданының тарихи мекендері: Жантас пен Аюлы

Бүгін, 11:18

Аягөз ауданының әкімі Халықаралық турнирдің жеңімпазымен кездесті

Бүгін, 11:06

Коронавирус: ШҚО “жасыл” аймаққа өтті

Бүгін, 11:04

Әкім өзен арнасын ластамауға шақырды - Аягөз

Бүгін, 10:38

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін, 10:34

Көкпектіде сотталғандарды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіп жатыр

Бүгін, 10:20

Глубокоеда 12 жастағы бала жартастан түсе алмай қалды

Бүгін, 10:01

ШҚО-да найзағай ойнап, қатты жел соғады

Бүгін, 09:00

ШҚО-да бір тәулікте 74 адам коронавирус жұқтырды

16.05.21, 21:37

Риддерге көмек: Кинотеатрлар ақша аударып жатыр

16.05.21, 17:42

Өскемен мен Семейде 9300 көше шамы ауыстырылады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 20:01

Үржарда 3 жасар екі бірдей бүлдіршін арыққа құлап, мерт болды

Бүгін, 18:24

Риддерде тағы өрт. Бұл жолы автобус

Бүгін, 17:50

Жол апаты жиі болатын өңірлер аталды. ШҚО 4-ші орында

Бүгін, 16:27

Аягөздік аяқдопшы «Үздік ойыншы» атанды

Бүгін, 16:21

Коронавирус пен пневмониядан 5000-ға жуық адам көз жұмған

Бүгін, 15:05

Қазақстан мектептеріне мамандандырылған күзет қойылады

Бүгін, 14:39

ШҚО-да күн салқындайды

Бүгін, 14:05

ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған 2 жағдай тіркелді

Бүгін, 13:26

ШҚО-да браконьерлер бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған

Бүгін, 12:26

Ұлан ауданының тарихи мекендері: Жантас пен Аюлы

Бүгін, 11:18

Аягөз ауданының әкімі Халықаралық турнирдің жеңімпазымен кездесті

Бүгін, 11:06

Коронавирус: ШҚО “жасыл” аймаққа өтті

Бүгін, 11:04

Әкім өзен арнасын ластамауға шақырды - Аягөз

Бүгін, 10:38

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін, 10:34

Көкпектіде сотталғандарды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіп жатыр

Бүгін, 10:20

Глубокоеда 12 жастағы бала жартастан түсе алмай қалды

Бүгін, 10:01

ШҚО-да найзағай ойнап, қатты жел соғады

Бүгін, 09:00

ШҚО-да бір тәулікте 74 адам коронавирус жұқтырды

16.05.21, 21:37

Риддерге көмек: Кинотеатрлар ақша аударып жатыр

16.05.21, 17:42

Өскемен мен Семейде 9300 көше шамы ауыстырылады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: