Қазақстандық спортшылар әлем кубогіне қатыса алмады
05.12.2020 | 17.00
0
604
Қазақстанның фристайл-могулдан ұлттық құрамасын Финляндияда өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңіне өткізбеді. Оған команда мүшелерінің оң нәтиже көрсеткен ПТР-тест зерттеулері себеп болып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҰОК ақпараты бойынша, команда мұшелері нормаларға сәйкес Финляндия келгенде жарыстың алдында ПТР-тест тапсырған. 25 қарашадағы талдаулар 4 адамнан оң нәтиже көрсеткен. 29 қарашада және 2 желтоқсанда спортшылар қайта тест тапсырады, бұл кезде барлығында коронавирус анықталмайды. Дегенмен, команда 5 желтоқсанда өтетін әлем кубогіне қатыса алмайды.
Қазәр спортшылар оқшауланған, хал-жағдайлары жақсы, КВИ белгілері байқалмайды.
Әлем кубогінің екінші кезеңі 11-13 желтоқсанда Швециядағы Идреде өтеді.
Комментарии (0)