Қазақстандықтар Париж төрінде билей ме?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

Қазақстандықтар Париж төрінде билей ме?

0

25

Токио Олимпиадасының өткені кеше ғана секілді еді, әне-міне дегенше Париж Олимпиадасына дайындық басталып кетті. Жарыс ұйымдастырушылары ресми сайттарында спорттың қай түрі бағдарламадан алынып, қайсысы қосылатынын жариялады. Мәселен, каратэ, бейсбол, софтбол сынды спорт түрінен жарыстар алдағы Олимпиадада болмайды. Есесіне жаңадан қосылғандар бар.
2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында спорттың 28 түрінен бәсеке қызады. Оның ішінде брейк-данс, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг жарыс бағдарламасына уақытша қосылған спорт түрлері ретінде белгілі. Бізді елең еткізгені, әрине, брейк-данс. Данс дегеннен-ақ әңгіменің би жайлы екенін аңғарған боларсыз. Бірақ бұл қандай би? Ендеше тарқатып айта кетсек.
Брейк-данс (ағылшын тілінен breakdance – спорттық нақыштағы көше биі) деген мағынаны береді. Ерекше би түрі сонау 1970 жылдардың басында АҚШ-та пайда болған. Жетпісінші жылдардың аяғына қарай би әлем елдеріне тарала бастаған. Брейк данс: toprock, downrock, powermove және фриз дейтін төрт негізгі қозғалыстан тұрады. Би әртүрлі қарқында және әртүрлі нотада орындалады. Неге дәл осы би түрі таңдап алынды десеңіз, айтайық. Брейк-данс 2018 жылы Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада бағдарламасына енгізіліп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдау тапқан. Бүгінде брейк-данс әлем елдерінде спорттың бір түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Негізінен АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Нидерланд, Германия, Ұлыбритания және Ресейде бұл би ерекше дамыған. Ал біздің елде ше? Осы орайда «Париж төрінде ән шырқап, еуропалықтарды тамсандырған Әміре атамыздың ерлігін ұрпақтары қайталай алар ма екен?» деген ой келеді көкейге.
Брейк данс ұғымы жастар қауымына таңсық емес. Қазақстанға кеш келді деп айтуға да негіз жоқ. Себебі 1986 жылдары брейк дансқа қызығушылық танытқан жастар болған. Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда, ақтаулықтар брейк данс бөлімшелерін ашуды алғаш қолға алған. Кейіннен араға біраз жыл салып, 2007-2008 жылдары би өнерінің жаңа бағытына арналған залдар ашыла бастады. Осы уақыт ішінде брейк дансты жетік меңгергендер қатары шыға бастады елімізде. Ал Шығыста дәл осы биді үйрететін бөлімшелер бар ма? Бұл туралы осы салаға жауапты мамандар айтып берсін.

Бәсекелестік бар жерде, ілгерілеу бар
–Брейк дансқа қызығушылығымның арқасында келдім десем де болады. Ауылда жүргенде видеолардан көріп, үйреніп алғанмын. Кейін Өскеменге келдік, сол уақытта Мәдениет үйінде би үйірмесі бар еді. Білген бойда жазылып, 2010 жылдан бастап кәсіби түрде үйрене бастадым. Алматыда тұрғанда үш бірдей би мектебінде сабақ бердім. Ол жақтағы жастардың биге қызығушылығы анағұрлым жоғары екенін аңғардым. Олармен тәжірибе алмастым, – дейді Абай Алтайұлы.
Ал «өскемендік жастардың биге деген қызығушылығы қалай және Париж-2024 Олимпиадасына қатысуға үмітіміз бар ма?» деген сауалға жас биші былай деп жауап қатты.
–Біздің жастардың әлеуеті өте жоғары. Сол себепті Парижге барып әлем жұртшылығын таңдай қақтыратын мүмкіндік бар. Өйткені әлемдік би сайыстарынан құр алақан қайтып жүрген жоқпыз. Былтыр қыркүйек айында қазақстандық Әмір Закиров Бельгияда өткен халықаралық би додасынан жеңіспен оралған еді. Бір айта кетерім, брейк дансқа арналған байқаулардың сирек өтуі, жастардың қызығушылығын бәсеңдетіп тастауы мүмкін, – дейді ол.
Өзге салада қызмет атқарып жүрген Абай биді өзінің хоббиі деп біледі. Түрлі сайыстарға өз қалтасынан қаражат шығарып барған сәттерді де еске алды. 
–Мәдениет пен спортты дамуы үшін би билейтін залдарды ашу жеткіліксіз. Неге десеңіз, жастар үйренген өнерін ортаға салып, бәсекеге түсуі қажет. Бәсекелестік бар жерде ілгерілеу де бар. Қателеспесем 2013 жылы Семейде «Вилка» атты байқау өтті. Сол уақытта еліміздің түкпір-түкпірінен жастар жиналып өнерлерін ортаға салды. Жастардың көзіндегі отты көрсеңіздер ғой, олардың әрқайсысы қанаттанып қайтты. Осы үшін де байқаулар өңірімізде жиі өткізілсе деп ойлаймын, – дейді Абай.
Үйірмелер ашыла ма?
Қазіргі уақытта брейк данстан жастарымыз әлемдік аренада өнер көрсетіп жүр. Олимпиада ойындарына енген сәттен бастап әлем елдері бұл спорт түрінен сайыстар ұйымдастыруды бастап кетті. Былтыр желтоқсан айында Францияда брейкдансшылар бас қосты. Ел намысын қорғауға Дәулет Анарбекұлы, Диляра Аубакирова, Әмір Закиров және Ирина Усманова аттанды. Петропавл қаласының үкілеген үміті Әмір Закиров дүбірлі додада ел намысын қолдан бермей, қола медальді қанжығаға байлады.
Осы тұста жастар арасында брейк дансты дамыту үшін өңірімізде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мамандары айтып берді.
–Бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес жыл сайын ресми жарыстар өткізіліп, онда спортшылар іріктеледі. Сондай-ақ спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың ережелеріне сәйкес Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері өткізіледі. Қазіргі уақытта осы бөлімшелерді ашу мәселелері қарастырылып, жоспарланып жатыр. Облыс аумағында спорттық би федерациясы бар, оның құрамына брейк данс та кіреді. Спорт түрін дамыту үшін келіссөздер жүргізілуде, – дейді басқарма басшысының орынбасары Серік Құсұмбаев.
Облыс орталығында брейк данс үйрететін үйірмені әлеуметтік желіден іздеп отырып, stylebenderkingz парақшасын таптық. Мыңға жуық оқырманы бар екен, қуанып қалдық. Парақшада жастардың билері жүктелген. Хореограф 10 жылдық өтілі бар Арман Құрбанбаев есімді азамат екен. 
–Туған әпкем хип-хоп жанрында би билейтін еді. Жаттығудан келген соң ол маған би қимылдарын үйрететін, осылайша, қызығушылығым оянып, ата-анама үйірмеге барғым келетінін айттым. Ал қазір өзім хореографпын. Өмір қызық, – дейді биші жігіт.
Арман, жас ерекшеліктеріне қарай күндізгі және кешкі уақыттарда би үйретеді. Алты жастан бастап барлық мектеп оқушыларына есік ашық.
ХХІ ғасыр жастардың жан-жақты болуын талап етеді. Бір ғана мектепке барып-келу арқылы баланың бойындағы қабілетін дамыту мүмкін емес. Өйткені жастар білімді ғана емес, өнерлі, салауатты болуы тиіс. Егер Олимпиада жүлдегерін тәрбиелегіңіз келсе, кез келген спорт түріне баулыңыз немесе брейк дансқа жазып қойыңыз. Түбінде бір нәтижесін көресіз.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

19.05.22, 18:03

ШҚО-да жемқорлық мәселелері талқыланған семинар өтті

19.05.22, 17:40

Өскеменде 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

19.05.22, 17:14

Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын біліңіз

19.05.22, 16:32

Жас құтқарушылар өзара сайысқа түсті - Өскемен

19.05.22, 16:04

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өтеді

19.05.22, 15:38

Референдум: Шәкәрім университетінің профессоры халықты белсенді дауыс беруге шақырды

19.05.22, 15:36

ШҚО тұрғыны көңілдесінің әйелін балағаттағаны үшін айыпталды

19.05.22, 15:23

Жас өнерпаздар бас қосты - ШҚО

19.05.22, 15:19

Демократияға бағытталған батыл қадам – Нәзигүл Ғазизова

19.05.22, 15:00

Абай өңірінің ақсақалдары Президентке алғыс айтып жатыр

19.05.22, 14:48

ШҚО-да танымал суретшінің көрмесі ашылды

19.05.22, 14:05

ШҚО-да 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19.05.22, 13:08

ШҚО-ға Мәжіліс Төрағасы келді

19.05.22, 12:03

Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіледі

19.05.22, 11:39

Облыстық аурухана аумағында өрт шықты

19.05.22, 11:04

TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

19.05.22, 10:19

Өскемен-Алтай тасжолының бойына "жылы дәретхана" орнатылды

19.05.22, 10:00

Өскемен: көше мен жолды күтіп ұстауға 270 млн теңге жұмсалады

19.05.22, 09:35

Алакөлге пойыз шығады

19.05.22, 09:24

Риддерде кәсіпорын аумағында өрт болды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

19.05.22, 18:03

ШҚО-да жемқорлық мәселелері талқыланған семинар өтті

19.05.22, 17:40

Өскеменде 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

19.05.22, 17:14

Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын біліңіз

19.05.22, 16:32

Жас құтқарушылар өзара сайысқа түсті - Өскемен

19.05.22, 16:04

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өтеді

19.05.22, 15:38

Референдум: Шәкәрім университетінің профессоры халықты белсенді дауыс беруге шақырды

19.05.22, 15:36

ШҚО тұрғыны көңілдесінің әйелін балағаттағаны үшін айыпталды

19.05.22, 15:23

Жас өнерпаздар бас қосты - ШҚО

19.05.22, 15:19

Демократияға бағытталған батыл қадам – Нәзигүл Ғазизова

19.05.22, 15:00

Абай өңірінің ақсақалдары Президентке алғыс айтып жатыр

19.05.22, 14:48

ШҚО-да танымал суретшінің көрмесі ашылды

19.05.22, 14:05

ШҚО-да 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19.05.22, 13:08

ШҚО-ға Мәжіліс Төрағасы келді

19.05.22, 12:03

Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіледі

19.05.22, 11:39

Облыстық аурухана аумағында өрт шықты

19.05.22, 11:04

TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

19.05.22, 10:19

Өскемен-Алтай тасжолының бойына "жылы дәретхана" орнатылды

19.05.22, 10:00

Өскемен: көше мен жолды күтіп ұстауға 270 млн теңге жұмсалады

19.05.22, 09:35

Алакөлге пойыз шығады

19.05.22, 09:24

Риддерде кәсіпорын аумағында өрт болды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: