"Азия авто" зауытына жаңа сенімді инвесторлар табылды - Даниал Ахметов
12.11.2021 | 14.03
0
40
Орталық коммуникация орталығында өткен брифингте БАҚ өкілдерінің бірі аймақ басшысына «Азиа авто» компианиясы мен оның қызметкерлерін жұмыспен қамту туралы сұрақ қойды.
Облыс әкімінің айтуынша, «Азиа Авто» компаниясында жалпы 5000-ға жуық адам жұмыс істеген.
- Кәсіпорын да, бізде айтарлықтай қиын кезеңдерді бастан өткердік. Осы жылдың басынан бері 1969 адам жиналды. Біз қызметкерлерді жұмысқа орналастыру үшін жедел жұмыс істедік. Күн сайын жиналыс, отырыстар өткізіліп отырды. Алайда, барлығы жақсы жағынан шешіліп, адамдар толықтай жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта барлығы жалақыларын толықтай алды, - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, нысан дайын. Тек заңдың процедуралардың аяқталуын күтіп отырған көрінеді. Сонымен қатар, зауыттың жұмысын ары қарай жандандыып, өндіріс қарқынын айтарлықтай өсіре алатын сенімді инвесторлар тобы да табылған.
Комментарии (0)