«Азия Автоның» бұрынғы қызметкерлері жалақыларын алды
23.11.2021 | 10.00
0
98
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- «Бипэк Авто - Азия Авто» компаниясына қатысты кризистік жағдайды шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен өнеркәсіптік компаниялармен бірлесе үшжақты комиссия отырысын өткіздік. Банк басшыларымен және «Бипэк Авто - Азия Авто» басшылығымен өткен кеңес барысында кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі толық өтелді, – деп жазды аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында.
Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде автокәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері «Қазмырыш», «ҮМЗ», «ТМК», «Кэмонт» сияқты ірі компанияларда, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейді.
Комментарии (0)