Қазыбек би даңғылындағы үйлердің қасбеті ауыстырылуда - Өскемен
18.01.2022 | 13.01
0
114
Өскемендегі Қазыбек би даңғылы бойынша орналасқан номер 7/4, 7/1 және 5/1 үйлердің қасбетіндегі сайдингтің жағдайына қатысты мәселе ұзақ уақыт бойы көтеріліп келеді. Қала әкімдігі бұл мәселені қолға алды деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айта кетсек, сайдингтің бекіткіштері әлсіреп, керамикалық плиталар құлай бастаған. Үйдің кепілдік қызмет көрсету уақыты өтіп кеткен, ал өз қаражатына қаптаманы ауыстыруды тұрғындардың қалтасы көтермейді.
Осыны ескере отырып, қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта номер 7/4 үйде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Мұнда ескі сайдинг алынып, жаңасы орнатылуда.
- "SCS Инжиниринг" мердігерлік мекемесі керамограниттік плиталарды кассеталық типтегі металл сайдингке ауыстырып жатыр. Сонымен қатар, жұмыс барысында сапалы жылуоқшаулағыш материал қолданылады, - дейді әкім.
Үш үйдегі жұмыстар ағымдағы жылы наурыз айының соңына қарай аяқталады екен.
Комментарии (0)