Бүгін – Білім күні
01.09.2021 | 08.55
0
94
Бүгін – Білім күні. Араға 1,5 жыл салып еліміздің білім ошақтары мен оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге көшеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сол тапсырманың үдесінен шығу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелерін дәстүрлі форматқа көшіру дайындығын үдетті.
Осылайша бүгін жаңа оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып штаттық форматта басталады. Мектепке дейінгі ұйымдар да түгелдей штаттық жұмыс режиміне оралды.
Осы оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны, оның ішінде 380 мыңға жуық оқушыны бірінші сыныпқа қабылдамақшы.
Комментарии (0)