Бүгін ШҚО-да жел күшейеді
01.10.2021 | 10.14
0
57
Синоптиктер 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мәскеу аудандарынан ығыстырылып жатқан солтүстік-батыс антициклонның басқаруындағы батыс және оңтүстік аймақтарды қоспағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады.
- Еліміздің кейбір таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал кей аймақтарда түнде жел күшейіп, таңертең тұман түседі, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Комментарии (0)