Бөтен біреудің көлігін өртеп жіберген семейлік тұрғын ұсталды
12.11.2021 | 10.06
0
71
30 қазандаСемей қаласындағы Әуезов ПБ «102» жедел арнасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оның айтуынша, 30 қазан күні түнгі уақытта белгісіз біреу үйінің жанында тұрған оның «Nissan» автокөлігін өртеп жібергенін. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
- Тергеу амалдары барысында қаскөй жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал шығып, әкесін қорғамақ болған 18 жастағы жәбірленуші қонақты ұрған көрінеді. Артынша 35 жастағы ер адам ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі «Nissan Presea» автокөлігінің салонына лақтырып, қоршаудан шыққан соң сол жерде тұрған «ВАЗ-2199» және «Nissan Presea» маркалы тағы 2 көліктің терезелерін сындырып кеткен, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігі – «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Комментарии (0)