Бағдарлама орнатып беремін деп смартфонын иемденіп алған - ШҚО
23.05.2022 | 15.09
0
60
Сәуір айының басында Шемонаиха аудандық ПБ кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оның айтуынша, бейтаныс ер адам смартфонына бағдарлама орнатып беремін деп, иемденіп алған көрінеді.
Телефон иесіне келтірілген залал 70 000 теңгені құраған.
Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы қаланың 51 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Алаяқ кінәсін мойындап, айғақ зат тәркіленді.
- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)