Басшылардың балалары Pfizer вакцинасын алып жатыр – ШҚО
10.12.2021 | 16.48
0
58
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Райфа Сафиоллинова қызына Pfizer вакцинасын салдыруға рұқсат берген.
Дәрігердің 15 жасар қызы Назерке Маратқызы өзінің бұл әрекетінің өзгелерге үлгі болып, әлемдік індеттке қарсы тұра алатынына сенімді.
«Дәрігердің қызы ретінде, мен, денсаулығыма немқұрайлы қарамау керектінін, өзімді және отбасымды қорғау тек менің қолымда екенін түсінемін. Мен Pfizer вакицинасы туралы көп оқыдым, осы вакцинаны алған адамдардың пікірлерін естідім, менің құрбыларым мен достарым да екпе алды. Екпе алудың еш жамандығын көрмеймін. Сонымен қатар, анам бұл туралы менімен бірнеше рет сөйлесті, әрине, ол шешімді өзі қабылдады», - деді Назерке Маратқызы.
Дәрігер де аталмыш вакцинаға сенетінін және бұл туралы еш алаңдамайтынын да жеткізді.
«Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына қамқорлық жасауға міндеттіміз! Өздеріңіз де сақ болыңыз! Сондай-ақ, біз облыстағы дәрігерлер ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға алдымен өз үлесімізді қосып, сөзбен ғана емес, іспен де қоғамға үлгі болуымыз керек. Фтизиопульмонология орталықтағы ұжымның балаларына да екпе салу туралы кездесулер мен түсіндірулер жүргізілді, бұл сөзсіз өз нәтижесін берді», - деді ШҚО ФПК директоры Райфа Сафиоллинова.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 42 000-ға жуық адам Comirnaty/Pfizer вакцинасын алды, оның ішінде 37 400-ден астамы - 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, 2800-ден астамы - бала емізетін аналар, 1000-ға жуығы - жүкті әйелдер.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында осы санаттағы тұрғындарды вакцинациялау 13 қарашада басталып, бүгінде 925 адам компоненттің екінші дозасын алған.
Комментарии (0)