Батырларға құрмет көрсетілді - ШҚО
19.12.2021 | 11.18
0
29
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ШҚО-ның Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгерлері мен батырлары, ауған соғысына қатысқан жауынгер ардагерлердің құрметіне «Батырлар аллеясы» ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аллеяның ашылу салтанатына аудан жұртшылығы, аудан қонақтары, батырлардың ұрпақтары жиналды.
Іс-шара барысында Бесқарағай ауданынан шыққан Кеңес Одағының батырлары - Махмет Қаирбаевқа, Иван Корневке, Сергей Елистратовқа, Социалистік еңбек ерлері – Кажен Жыңғылбаевқа, Еши Қонақовқа, Иван Шевцовқа және белгісіз солдатқа арналған ескерткіш-мүсіндер мен естелік тақталары таныстырылды.
Комментарии (0)