Бауыржан Ердембеков: "Демократияға – батыл қадам"
21.05.2022 | 16.01
0
76
Демократияландыру бағдарламасын күшейту үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл ерекше тарихи сәт. Мен Президенттің мемлекеттің тағдырын жеке азаматтар емес, халық шешуі керек деген сөздерін толық қолдаймын.
Референдум – демократиялық жүйенің көріністерінің бірі. Өйткені бұл жерде бүкіл халықтың пікірі ескеріледі. Ал дер кезінде жасалып отырған бұл конституциялық реформаның мемлекеттік билік құрылымын түбегейлі өзгертері сөзсіз. Егер бұрынғы өзгерістер президенттік билетті нығайтуға бағытталған болса, қазіргі өзгерістер билікте тың тепе-теңдікті қалыптастырмақ. Негізгі саяси институттардың құрылымы өзгереді, яғни қайта құрылады. Реформалар сайлау жүйесін, партиялық және сот-құқықтық жүйелерді, әкімшілік-аумақтық құрылымды, мемлекеттік билікті бөлу принципін өзгертеді.
Референдум өткізу арқылы мемлекеттің Конституциясына түзетулер енгізу – жаңа Қазақстан құру жолындағы халықтың қадамы болмақ. Менің ойымша, бұл бүкіләлемдік геосаясат үшін де өте жауапты, маңызды шешім. Бұл референдум биліктің халыққа оралғанын көрсетеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қарым-қатынастың көрінісі болады.
Жалпыұлттық референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге беталғанын білдірсе керек. Сондықтан біз барлық күш-жігерімізді конституциялық реформаны қолдауға жұмылдыруға дайынбыз. Мұндай маңызды сәттен бірде-бір адам қалыс қалмауға. Қазақстанның әрбір азаматы ел болашағына өзінің ықпал ете алатынын сезінуі тиіс.
Ерембеков Б. А.,
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
басқарма төрағасы-ректоры, профессор
Комментарии (0)