Белгілі блогер Ринат Халиков экс-депутатты бопсалап ақша алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды
17.01.2018 | 12.15
0
96
Өскеменде жеделдетілген режимде танымал блогер Ринат Халиковтің сот отырысы өтті. Тергеу жұмысы бойынша , экс- депутат және кәсіпкер Ержан Сқақовтан 30 мың доллар және үш бөлмелі пәтерді бопсалап тартып алған. Сқақов бас тартқан жағдайда, Халиков өзінде бар ақпаратты таратамын деп қорқытқан. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұрынғы депутатты 19 жастағы Елена Иванованы зорлады деп айыптаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, кейіннен оны жауып тастаған. Содан соң, бойжеткен ҚР Президентіне тергеу жұмыстарын қайта бастауға өтініш жазған.
Соған қарағанда, блогер осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған.
Ол 2017 жылдың қазан айында полиция қызметкерлерімен Скаковтан ақша алып жатқан жерінде ұсталды.
- Сотталушы ҚРҚК 194-бабының 4-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,- деп түсіндірді төраға. - Халиковтан жәбірленушіге материалдық зиян келтіргені үшін 1 миллион 20 мың теңге төлеу талап етіледі. Сқақовқа 30 мың доллар көлемінде ақшалай қаражатты сот үкімі күшіне еңгеннен кейін беруі керек.
Халиков жазасын қатаң режимді түрмеде өтейтін болады.
Комментарии (0)