Бесқарағай ауданында 21 отбасы қоныс тойын тойлады
22.11.2021 | 09.05
0
56
Бесқарағай ауданында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш ауданда өткен жылы 36 үй салынып, көп балалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, жетім балаларға берілген болатын.
Ал ағымдағы жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 1794,2 шаршы метр 12 екі пәтерлі тұрғын үй салынды. Бұл жобаны іске асыруға облыстық және аудандық бюджеттерден 251 193,6 мың теңге бөлінді.
Сондай-ақ құны 61 млн теңгені құрайтын су құбыры және электр жарығын орнату бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жақында қоныс тойын 8 көп балалы отбасы, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 13 отбасы, 3 медицина қызметкері және үйлері апатты жағдайда тұрған бір отбасы тойлады. Сондай-ақ, ауданда "Бақытты отбасы" жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша төрт отбасы тұрғын үй алып, екі көп балалы отбасы бюджеттен бір миллион теңге сомасына тұрғын үй сертификаттарын алды.
Комментарии (0)