Бесқарағайлықтар көкөністерді арзан бағамен ала алады
31.10.2021 | 16.43
0
52
Бесқарағай ауданында тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Аудан басшысы Глуховка ауылдық округінің аумағында орналасқан өсімдік шаруашылығымен айналысатын «Стелла», «Семей» шаруа қожалықтарының басшыларымен келісіп, арнайы меморандумға қол қойған екен.
Бұл меморандум тұрақтандыру қорынан қысқы мерзімде халықты картоп, пияз, қырыққабат, қызылша өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Енді тұрғындар алдағы жылдың сәуір айының 10 - на дейін көкөністерді нарықтағы бағадан 20%-ға төмен бағамен сатып ала алады.
Комментарии (0)