Бірқатар аудардарда бірінші ауысым оқушылары сабаққа бармайды - ШҚО
25.11.2021 | 09.00
0
28
ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, облыстың бірқатар аудандарында ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан сабақ онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атап айтқанда, Курчатовта бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып аралығындағы оқушылардың, ал Бесқарағай ауылында 0-ден 11-сынып аралығындағы оқушылардың сабағы онлайн өтетін болады.
Сондай-ақ кейбір ауылдардағы бастауыш сынып оқушылары бүгін сабаққа бармайды.
Глубокое кентінің мектептерінде және Прапорщиково, Прогресс, Предгорное, Ново-Ертіс ауылдарында 0-5 сынып оқушыларына арналған бірінші ауысым сабақтары тоқтатылды.
Комментарии (0)