Бір тәулік ішінде «102» арнасына 592 өтініш келіп түскен - ШҚО
14.01.2022 | 10.17
0
33
Облыстағы полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызмет атқаруды ерекше режимде жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір тәулік ішінде облыс бойынша «102» арнасына 592 өтініш түсіп, олардың барлығы бойынша жұмыс жүргізілген. 16 қылмыс жасалып, оның 12-сі ашылған.
- Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша 406 әкімшілік хаттама толтырылып, 341 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Ал, бір тәулік ішінде осы бап бойынша 31 хаттама толтырылып, 9 адам әкімшілік жауапқа тартылған, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір қылмыстық істер бойынша ұсталғандардың саны 94 адамды құрайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу жалғасуда.
Комментарии (0)