Бірнеше ауданда дауылды ескерту жарияланды - ШҚО
01.11.2021 | 10.01
0
37
ШҚО-да ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ШҚО филиалында мәлімдеді.
Синоптиктердің мәліметінше, 1 қарашада ШҚО-да облыстың солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайтын жел соғуы ықтимал.
Комментарии (0)