Биыл алғашқы қоңырау қалай өтеді?
30.08.2021 | 11.30
0
48
ШҚО-дағы мектептерде жаңа оқу жылы карантин талаптарын сақтай отырып, дәстүрлі штаттық форматта басталады. Сондай-ақ, алғашқы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алғашқы қоңырау «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ұйымдастырылады, бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" алғашқы оқулығы табысталады.
Іс-шарада бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының біреуінің қатысуына ғана рұқсат берілген.
Сонымен қатар, 1 қыркүйекте 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің жетістіктері" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Комментарии (0)