"Болашағы жоқ" деген сөз ауыл тұрғындарының намысына тиеді

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Әлеумет

"Болашағы жоқ" деген сөз ауыл тұрғындарының намысына тиеді

0

124

Катонқарағай ауданына қарасты Қабырға ауылында тұрғындар күшімен кіреберіс арка орнатылып, зират аумағы қоршалды. Арканың ашылу салтанатына орай республика деңгейінде – бәйге, облыс деңгейінде волейбол өткізілді. Әр өңірден келген спортшы мен бапкерлер небары 48 үй тұратын елді мекеннің береке-бірлігін айтып таңғалды. Іс-шараның басы-қасында жүрген азаматтардың сөзіне сүйенсек, ауыл халқы осы аталған шаруаларға сегіз миллион теңгеден артық қаражат жинаған. Бұл – үлкен сома. Тұрғындар мұншалықты ауқымды іс-шара ұйымдастыруға әсер еткен белгілі себеп бар екенін айтады. Ендеше оқып көріңіз.

 

Жол

 

Біз Өскеменнен Қабырғаға қарай жолға шыққанда қас қарайып кеткен, уақыт кешкі сағат сегіз-тоғыздың шамасы болды. Алтайдың аспанмен астасып жатқан тауларын өрлеп, «серпантиннен» астық; ай нұрына шағылған шетсіз-шексіз Бұқтырма су қоймасын жағалап жүрдік; одан ары қарай әбден түн батты, бірыңғай қараңғы орманның ішіне түстік. Жол бастаушыларымыз – сол ауылда туған немере ағайынды Серікхан мен Ербол Молдахановтар. Олардан ауылды таныстыруын сұрап, әңгімеге тартуға тырыстық. «Ой, бізде тілбайлық жоқ. Ертең сол жаққа жеткенде көресің айтатын адамдарды» деген олар тартына, сараң сөйлесті.

– Қазір ауылдағы жастар ішпейді, иә, Ершон? – деп, жол бастаушыларымыз әуелі өзара сөйлесіп отырды. – Ішу мен тартудың жаман екенін балалар әлден-ақ біледі. Бұл деген дұрыс нәрсе... Қалада да біздің ауылдың адамдары бірге жүреді. Сол мені қуантады.

– Иә.

– Бізде үлкен-кіші деп бөліну жоқ. бауырым, – Серікхан бізге енді бұрылды. – Адамдар бір-бірімен айтпайтынды айтып қалжыңдаса береді. Ауылда бір-біріне өш адам деген жоқ. Өзің де ертең аралап шықсаң, бірден байқайсың.

Серікхан ауылға үлкен спортзал салуды армандайтынын айтады. «Іші үлкен болса деймін. Мәселен, командалар волейбол ойнап жатқанда, оның сыртында екі жағынан теннис ойнайтын орын қалса. Міне, тамаша болар еді. Ертең халық армандап жүрген қатымхана да, тойхана да сол спортзалдың өзі болмай ма?! Ендеше бірінші спортзал салу керек шығар», дейді ол.

Серікхан шағын кәсіппен айналысады. Өзінің айтуы бойынша, ауылда үлкен кәсіпкер жоқ. Халық негізінен мектепте жұмыс істейді немесе мал ұстайды.

Біздің Қабырға ауылына жетпей тұрып, сол ауыл туралы түсінігіміз, қысқаша айтқанда, осындай болды.

 

«Байдың баласы – бай, кедейдің баласы кедей болады»

 

Қалың көрпенің шетін ашқанда бойымыз бірден суықтан қалтырап кетті. Шапшаң киініп, үйден шықтық. Маңайға көз жіберсек, алып таулардың аясында тұр екенбіз. Бұлттың өзі шың басынан ары аса алмай қамалып қалыпты. Қаладан аттанарда күздік күрткемізді сөмкеге сала қоймағанымызға өкіндік.

– Біздің жақта шөп «көтерілмейді». Шабындық аласа, сұйық болады. Өйткені ауа райы суық, түн суық! Ал шөп деген түнде өседі, түн жылы болуы керек. Шабылған шөпті не жаңбыр алдырмайды, не суға шіріп тұрғанда күн күйдіріп жібереді. Міне, көріп отырсыздар, бақшада картоп қана шығады. Басқа ешбір көкөніс суыққа шыдамайды. Өзім екі жыл сұлы, шөп сатып алып көрдім. Шабындық болмаған соң бәрібір қиын екен. Малды түгел сатып жібердім. Бұрынғы Катонқарағай ауданының жерлерін аннан-мұннан келген байлар алып қойған. Менің айтарым осы: олар мемлекеттің жерін мемлекетке қайтарсын. Мейлі, жалға алсын, жұмыс істесін, бірақ шетінен сатып ала бермесін. Ал сатып алса, кедей мен байдың арасы алшақтап кетеді. Бір нәрсеге қолы жеткен соң байлар екіншіні де алсам деп тұрады. Ақшасы барға несі қиын? Біз жыртық нәскимен өтеміз өмірден. Байдың баласы – бай, кедейдің баласы кедей болып қалады. Тепе-теңдікті сақтауды ойлау керек қой, – дейді біз тілдескен ауыл тұрғыны Фархат Сләмұлы.

Фархат көптеген уақыт Алматыда тұрып, ауылға қайта көшіп келгенін айтады. Қазір аудан орталығы Үлкен Нарынға жақын жердегі Солдатово ауылында ара бағуға кіріскен. Себебі ол жақта бұрынғы Катонқарағай ауданының ауылдарына қарағанда күн жылы – ара бағуға қолайлы. Фархат мотоциклмен үш-төрт күн сайын араларын барып қарап, күтіп тұрады. Өзі әлі «жас омарташы» екенін, былтыр 100 мың теңге шығынға ұшырағанын айтады. Биыл соның «есесін» қайтарып жатыр.

– Топырағымды сағынып қайтып келдім. Ауылдағы елді сағындым. Біздің ауыл ерекше ынтымақты ауыл. Бізде «үлкен» деп, «кіші» деп бөліну жоқ. Бәрі тең дәрежеде қалжыңдасып жүре береді. Өйткені ауыл кішкентай ғой. Ауыл кішкентай болған соң барлық істе бірге жүресің. Біреудің баласы әскерден келсе, құттықтауға барасың ғой? Барасың. Біреуді басқа ауылдың адамы соғып кетсе, сөйлесуге барасың ғой? Барасың. Өйткені сенен басқа кімі бар? – дейді Фархат та жоғарыда Серікхан айтқан сөзді қайталағандай.

Ауылда таңертең ат алып келе жатқан баланы, күндіз ат үстінде жүрген адамды жиі кездестірдік. Тау-таста малды жаяу қайыру оңай шаруа емес. Ал жазық жердегі ауылдардан атты адамды көру қазіргі кезде екіталай. Малды мотоциклмен бағатын болған. «Жылқы деген – «банктегі» ақша, тамақ» деп есептейді. Бірақ Катонқарағайда «ер қанаты» саналған жануар әлі де көлік міндетін адал атқарып келеді.

Біз негізгі іс-шара өтетін жаққа қарай шежіреші Сиезхан Құдабаевпен сөйлесіп бардық. Ол қазір басқа жақта тұрғанымен түбі осы ауылдан екенін айтады. Шежіреші Қабырға атауының шығуы туралы әңгімелеп берді.

– «Кабарга» деген аң бар, еліктің бір түрі. Қазақша құдыр, тоқал бұғы дейді. Ел ауылдың атауы содан шыққан деседі. Тағы бір топ ауыл тауды қабырғалай орналасқан дегенге келтіреді. Кім біледі, қайсы дұрыс екенін. Ал менің өз нұсқам бар. Қытайдың Шыңжаң өлкесіне екі рет бардым. Іле аймағы, Алатау тауындағы Еренқабырға деген тауды көрдім. Тегінде бұл тау шежіреде ашамайлы керейдің ертеде мекендеген жері деп айтылады. Мына Қабырға ауылында қазір сол ашамайлыдан тараған шимойын руы тұрады. Бабаларымыз ертедегі мекені Еренқабырғаны ұмытпай, кейінгі қонысына қысқаша Қабырға деген атау берген секілді. Басқа ұлттарда да осындай үрдіс бар ғой. Ары ұзамай-ақ орыстарды қарасақ, біздің жерлерді басып алып, өздерінің Ресейіндегі атауларымен айтып келді емес пе, – дейді ақсақал.

 

«Біз танымайтын, бұрын көшіп кеткендер де бар»

 

Ауыл сыртында ұзын жолдың бойындағы арканың ашылуы таңертең сағат 10-да өтті. Таяп барғанымызда жүргізуші «араларыңызды ашып, бірнеше топқа бөлініңіздер» деп, карантин талабын ескертіп, хабарландыру айтты. Жас балалар келушілерге медицина маскасын таратып шықты. Біздің көзіміз аркаға салынған еліктің бейнесіне түсті.

– Былтыр біздің ауылға өздерің секілді журналист келді. Телеарнаға түсірді. Сонда біздің ауыл келешегі жоқ елді мекендер тізіміне жатқызылғаны туралы айтты. Бұған халқымыз намыстанып, өз күштерімен жұмыс істеуге кірісті. Басында әртүрлі ойлар айтылды. Мысалы, мешіт салу керек пе деген сұрақ тұрды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, қазір осы Катонқарағай ауданындағы ауылдарда салынған мешіттер бос тұр. Сондықтан басқа іс бастауды жөн көрдік. Алдымен ауылдың айнасы – арка тұрғызып, зиратты қоршауды ойладық. Мына арканы жасатудан бастап осы дайын қалпына дейінгі аралықта төрт миллион теңге қаражат кетті. Арка түнде жанып тұрады. Электр желісі ауыл көшесінің шамына қосылған. Үлкен жолдың бойына орнатуға «ҚазАвтоЖолдың» рұқсаты алынып, арнайы стандартпен жасалды. Бұл жұмысқа бас-аяғы бір жарым айдың ішінде сегіз жарым миллион теңге жиналды. Оның сыртында біреуі тай, екіншісі қой берді. Оқушы балаларға дейін 10 мың теңгеден қосты. Біз танымайтын, бұрын көшіп кеткен адамдардың балалары да ақша жіберіп жатты. Қосылғандардың алды 500 мың теңге берді. Осы орайда ең бірінші ортаға идея тастап, ақшасын салған Руслан деген азаматымыз екенін ерекше айта кетейін. Спорттық іс-шараларды, нақты айтсақ, бәйге мен волейболды да сол жігіт ұйымдастыруға бас болып отыр. ...Солай жігіттер, бұл ел намысының қайралуынан атқарылып жатқан жұмыс. WhatsApp-та ашылған топта ауылға жылына бір шара өткізіп тұруға мақұлдастық. Келесі жылы балалар ойын алаңын салуды жоспарлап отырмыз, – деді «Туған жерге тағзым» акциясын ұйымдастырушылардың бірі, ауыл тұрғыны Әзиз Мерғазин.

TSH_0986.JPG

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ақсақалдар ешкімнің қалаға көшіп кетпеуін тілейтінін айтады.

Ауыл зираты арка орналасқан жолдың бойына таяу екен. Іс-шара барысында ата-бабаларға арнап құран бағышталды.

Ертеңінде спорттық жарыстар Катонқарағай ауылында өтті. Тайжарыс, топбәйге, аламанбәйге, жорғажарыс, жабыжарысқа Алматы, Ақмола облыстары, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалалары және Аягөз, Күршім, Көкпекті, Катонқарағай аудандарынан жүйректер әкелінді. Олардың ішінде Аягөздің Қозыкүрең, Желқара, Көкпектінің Астана сынды республикада орын алып, көлік ұтып жүрген дәмелі жүйріктері болды. Жеңімпаздарға 30 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар, тай, ертоқым, жүген сынды тарту-таралғылар берілді.

TSH_1670.JPG

Бапкерлердің айтуы бойынша, салқын ауа, шаң баспайтын жазиралы өлкеде тұлпарлар еркін тыныстап, көсіле шапты. Жылда асыға күтетін «Алтын тай» бәйгесін осы Катонқарағайда өткізу туралы республика бапкерлерінің ортасына ұсыныс тасталды. Аттың сырын білетін азаматтар ұйымдастырушылардың қазақы жылқыларға арнап жабы жарысын өткізгеніне ерекше тоқталып өтті. Тау-таста тұяқ ілдірмей жылқы қайырып жүрген жергілікті аттардың мықтылығын тілге тиек етті.

Волейболға Күршім, Алтай аудандарынан екі командадан, Катонқарағай, Тарбағатай аудандары мен Катонқарағайға қарасты Жаңаүлгі, Аққайнар, Жамбыл, Қабырға ауылдарынан бір командадан қатысты. Алматы қаласынан тағы бір команда келіп (құрамында қабырғалықтар бар), олар да Қабырға ауылының атынан шықты. Жүлделі ұжымдарға қаржылай сыйлықтар берілді, үздік ойыншыларға да сертификаттар табысталды.

 

Тағы да жол

 

«Туған жерге тағзым» акциясы туралы ел ішіндегі пікір сан алуан. Әрбір ауылда халықтың ұйымдасуымен арка тұрғызылып, балалар алаңы істеліп, тіпті кейбір жерде жол жөнделіп, көпір де салынып жатыр. Бұған дейін біз тілдескен әлеуметтанушы, заңгерлер мұндай күрделі әлеуметтік мәселе мемлекет тарапынан шешілуі керегін айтқан.

Солардың бірі, заңгер Алексей Божковтың Үржар ауданы Көктал ауылында түлектердің күшімен салынған көпір туралы білдірген пікірі есімізде. Пікірдің дәл нұсқасын дереу интернеттен қайта қарап шықтық: «Көкталдағы жаңалық мен үшін күлкілі әрі ауыр болды. Конституцияда адамдардың құқығы мен міндеті айқын жазылып тұр емес пе. Оның үстіне жуықта ғана бұл нәрсе әлеуметтік желілер мен жауапты адамдардың халық алдында сөйлеген сөзінде айтылды. Сонда не болды? Адамдар өзі салық төлеп, онымен қоймай көпірді де өзі сала ма? Осыны халық істеп жатқанда, мемлекет қарап тұрды ма? Халық салық төлегені үшін сол көпірді салып беруді сұрауға, тіпті талап етуге тиіс» деген екен ол.

TSH_0969.JPG

Осы сапарымызда Қабырғаның ары жағындағы Шыңғыстай ауылына да ат басын бұрғанбыз. Сонда халық жинаған бірнеше миллион теңге қаражатқа салынған мешітінің есігі жабық жатқанын көріп, тұрғындардан ауылда имам жоқ екенін естігенбіз. «Мешіт бос тұр» деген болатын олар.

Тағы да қас қарайды. Біз қазір Бұқтырманы жағалай өтіп, «серпантиннен» асып қайтып барамыз.

– Сырт көзге басқаша көрінеді ғой. Айтшы өзің, біздің ауыл қалай екен? – дейді жол бастаушыларымыз.

Ойымызды қорытып, шынымен халықтың татулығы бар екеніне көз жеткенін айттық. Туған жердің келешегі үшін пайда ойламай, ерікті түрде қаржысын орта салған нағыз патриоттардың игілікті бастамалары мемлекет тарапынан қолдау табуы керек деген пікірімізді де қоса жеткіздік.

– Біздің ауыл туралы жақсылап жаз енді, – дейді Ербол.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 21:13

Өскемен тұрғындарын демалыс күндері үйде отыруға шақырды

Бүгін, 17:03

Өскеменде санақтан өткен тұрғындар арасында ұтыс ойыны өткізіледі

Бүгін, 15:53

ШҚО тұрғыны жертөледе "шөп" өсірген

Бүгін, 14:05

Есірткіні түрме қоршауынан асырып лақтырмақ болған – ШҚО

Бүгін, 13:38

"Түркістан – Өскемен" әуе рейсі ашылды

Бүгін, 11:59

ШҚО-да шағын автобус жолдан "ұшып" кетті

Бүгін, 10:52

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 33 құқықбұзушылық анықталды - ШҚО

Бүгін, 10:06

ШҚО-да сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы өтіп жатыр

Бүгін, 09:46

Кейінгі тәулікте 1700-ден астам адам індет жұқтырды

Бүгін, 09:00

ШҚО-да 713 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды

Бүгін, 09:00

Өскеменде «Мас жүргізуші қылмыскер» акциясы өтті

21.10.21, 19:40

«Браконьер»: Полицейлер 30-дан астам заңбұзушылықты анықтады

21.10.21, 18:35

"Шығыс Ақпарат" ЖШС мен "Ақ Ниет" мектеп-интернаты бірлескен жобаны жүзеге асыруда

21.10.21, 17:21

Өскеменге қос ауданнан жәрмеңке келеді

21.10.21, 16:41

Қарлы жаңбыр, боран... Шығыста ертең ауа райы қандай болады?

21.10.21, 15:22

Алакөл жағалауындағы мобильді интернет жұмысын жақсарту қажет – Сенатор

21.10.21, 15:12

Риддер тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр

21.10.21, 14:47

Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жауапқа тартылды

21.10.21, 13:41

Күршім өзені ластанып жатыр – ШҚО

21.10.21, 12:30

Ірі көлемде есірткі сатқан Семей тұрғыны ұсталды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 21:13

Өскемен тұрғындарын демалыс күндері үйде отыруға шақырды

Бүгін, 17:03

Өскеменде санақтан өткен тұрғындар арасында ұтыс ойыны өткізіледі

Бүгін, 15:53

ШҚО тұрғыны жертөледе "шөп" өсірген

Бүгін, 14:05

Есірткіні түрме қоршауынан асырып лақтырмақ болған – ШҚО

Бүгін, 13:38

"Түркістан – Өскемен" әуе рейсі ашылды

Бүгін, 11:59

ШҚО-да шағын автобус жолдан "ұшып" кетті

Бүгін, 10:52

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 33 құқықбұзушылық анықталды - ШҚО

Бүгін, 10:06

ШҚО-да сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы өтіп жатыр

Бүгін, 09:46

Кейінгі тәулікте 1700-ден астам адам індет жұқтырды

Бүгін, 09:00

ШҚО-да 713 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды

Бүгін, 09:00

Өскеменде «Мас жүргізуші қылмыскер» акциясы өтті

21.10.21, 19:40

«Браконьер»: Полицейлер 30-дан астам заңбұзушылықты анықтады

21.10.21, 18:35

"Шығыс Ақпарат" ЖШС мен "Ақ Ниет" мектеп-интернаты бірлескен жобаны жүзеге асыруда

21.10.21, 17:21

Өскеменге қос ауданнан жәрмеңке келеді

21.10.21, 16:41

Қарлы жаңбыр, боран... Шығыста ертең ауа райы қандай болады?

21.10.21, 15:22

Алакөл жағалауындағы мобильді интернет жұмысын жақсарту қажет – Сенатор

21.10.21, 15:12

Риддер тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр

21.10.21, 14:47

Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жауапқа тартылды

21.10.21, 13:41

Күршім өзені ластанып жатыр – ШҚО

21.10.21, 12:30

Ірі көлемде есірткі сатқан Семей тұрғыны ұсталды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: