Боран, көктайғақ, қар көшкіні: Құтқарушылар дабыл қағып жатыр
03.12.2021 | 09.46
0
18
Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 3 желтоқсан күні өңірдің солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, батыс, шығыс бөлігінде және орталықта боран соғады, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Желдің екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.
Сонымен қатар 5 желтоқсанға дейін өңірде қар көшкіні қаупі сақталатынын айта кетуіміз керек.
– Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай, Өскемен-Таулы Үлбі-Северное, Катонқарағай-Согорное-Барлық, Катонқарағай-Рахман қайнарлары жолдарының бойындағы учаскелер, сондай-ақ Алтай ауданының Зубовск кентіндегі тау аса қауіпті аймаққа жатады, – деп толықтырды ТЖД.
Комментарии (0)